Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желілер себепті қызметіңізден қуылуыңыз мүмкін

Бүгінде әлеуметтік желілер көп нәрсеге ықпал етеді. Олардың қатарында өз ойыңды ашық білдіру де бар.

2c42a6c1c2b2a5e5b361692c37879e4f

Ребекка Альварес өзінің Фейсбуктегі парақшасына отбасылық фотосуретн жариялаған кезде, арты неге ұласарын сезген де жоқ еді.

БАҚ-қа жарнама орналастыру бойынша лондондық кеңесші әрі екі баланың анасы Альварес Фейсбуктегі парақшасында жазба жариялаумен әуестенбеген. Ол еш ойланбастан баласының жалаңаш суретін әлеуметтік желіге жүктеген.

«Ол әрі күлкілі, әрі бейкүнә фотосурет еді. Әдетте менің жазбаларым жақсы лебіздерге ие болатын», – дейді ол.

Аналарды сөгу

Бірнеше «лүпіл» мен жағымды пікірлерден кейін желі қолданушылары әйелді сын астына алған. Олардың бірі: «Өте қызық. Бірақ фотосуретті өшіргеніңіз дұрыс. Айналамызда арсыздар қаншама», – деген пікір қалдырған.

Мұнан соң жағымсыз пікірлер бірінен соң бірі қарша борап жатты.

Альварес біраз уақыт өткен соң таныстарының көшеде тоқтатып, аталған жазбаны өшіруін сұрағанын айтады.

Оған «қауіпті» болуына байланысты фотосуретті өшіруді кеңес еткен көптеген жеке хабарламалар келе бастаған. Десе де жазба шектеулі жазылушыларға арналған еді.

«Өзімді жаман іс жасағандай сезінуге мәжбүрледі. Құдды бұл әрекетім менің қандай ана екенімді мінеп-сынауға жол беретіндей. Мен өзімді кінәраттап жатқанын сездім. Кей адамдар маған жақсы кеңес беріп қана қоймай, дүйім жұрт алдында ұялтқысы келді», – дейді ол.

Бұл оқиғадан кейін ол сақтық таныта бастаған. «Мен әрі қарай да әлеуметтік желілерге жазба жариялауды доғармаймын. Алайда басыма тиген таяқтан сабақ алдым», – дейді Альварес.

Оның пікірінше, бұл оқиға әріптесері мен бастығының құлағына жетпегені себепті жолы болған.

Acuity Legal заңгерлік фирмасының серіктесі Клэр Ноулз клиенттерінің бірі оңбай опық жегенін айтады.

Фейсбуктегі жеке парақшасында жариялаған жазбасы оны жұмыссыз қалдыра жаздаған.

«Ол бастығының ақымақ әрі өз ісінің маманы еместігін жазған. Мұндай сөздер жұрт алдында кемсіту ретінде бағалануы мүмкін», – дейлі Ноулз.

«Бірер уақыттан соң ол жайлы сыбыстар бастығына жетіп, қызметтік тәртіпті қатаң түрде бұзғаны үшін қызметкерге қатысты тәртіптік талқылау басталған. Жұмыс берушіге небары бұл жазбаның қызметкерді кемсітіп, компания атағына кір келтіруі мүмкін екенін дәлелдеу керек еді», – деп қосады Ноулз.

Заңгерлік себептерге байланысты есімі аталмайтын Ноулздің клиенті бастығына тіл тигізіп, кемсіткісі келмегенін, тек осылайша іштегісін ашу-ызасын шығарғысы келгенін айтады.

Ол компанияның әлеуметтік желілердегі мінез-құлық жөніндегі саясатымен таныс болмағанын, ол тұрғысында ешқандай нұсқамадан өтпегенін алға тартады.

Ноулздің сөзінше, қызметкерге соңғы рет жазбаша ескертпе жарияланған. Жұмыстан қуылмауының жалғыз себебі – еңбек өтілінің ұзақтығы мен шынайы өкінуі.

Жариялар алдында ойланыңыз

Robert Walters халықаралық кадрлік агенттігі директорының орынбасары Джеймс Мюррей әріптестері жаппай жазбасын қызыға оқитын адамдарды өзіңнен кем емес дәрежеде бақылау қажеттігің айтады. Мейлі ол кеңседе не корпоративтік кеш болсын.

Бұрынырақта әлеуметтік желілер жеңіл, бейкүнә әрі тегін әуестік еді. Алайда бүгінде олар бізді үндемей, іштен тынуға мәжбүрлеп жатқан жоқ па?

Pew зерттеу орталығының мәліметі бойынша, әлеуметтік желілер бізді әлдеқайда тұйық етіп, болып жатқан оқиғалар мен өмір шындығына шынайы көзқарасымызды білдіруге құлықсыздық танытуға үйретуде.

Бұл уайым таңдаулы адамдарға ғана хабарлама жолдауға мүмкіндік беретін WhatsApp, жіберілген хабарламалар автоматты түрде бірден өшірілетін SnapChat сынды қосымшалардың танымалдығымен түсіндірілетіндей.

Мәселе көптеген адамның пікір білдіргенде өзгенің сыны мен талқысына ұшырамауын қалауында жатыр.

Оған қоса жұмыстан тыс уақытта жариялаған екіұшты жазбларыңыз да қызметіңізде келеңсіздіктер туғызуы мүмкін екенін ұмытпағайсыз.

Маусым айында Telegraph газеті Британиялық кеңес қызметкері Анжела Гиббинстің тәртіптік жазаға тартылатынын хабарлады. Оған қызмектердің Джордж ханзадаға бағытталған сыни пікірі себеп болған.

Одан бөлек, басылым Ұлыбританиядағы Дерби мейрамханасының бас аспазы Алекс Ламберт Instagram әлеуметтік желісінде вегетариандарды жасырын түрде етпен ауқаттандыратынын жазғаны үшін жұмыстан босатқан.

«Қызмектердің жеке парақшасына жариялаған ақпараттары компанияның беделіне нұқсан келтіреді. Тіпті ол қызметкерлер әлеуметтік желілердегі компания жөніндегі ақпаратқ ресми жауап бермесе де», – дейді ғаламторды пайдалану жөнінде кеңес беретін лондондық Silvester & Finch компаниясының басшысы Крис Ли.

Оның сөзіне сәйкес, қызметкерлер компанияның беделіне, дамуына кері әсер ететін құпия мәліметтерін жариялап жіберуі мүмкін.

2015 жылы Game Retail британиялық фирма басшылығы қызметкерлерінің бірін Твиттердегі кемсіту сөздері жазылған хабарламасы үшін жұмыстан босатқан. Десе де хабарламаның қызметіне еш қатысы жоқ еді.

Қызметкер жұмысынан әділетсіз босатқаны үшін қуынымды жеңгенімен, Game Retail апелляциялық сотта істі жеңіп алған-ды.

Қызметкерлерді іздеу құралы

Арманыңыздағы жұмысты іздеу барысында жеке парақшаңыз жолыңызға бөгет бола ала ма? Иә, ол шындығында солай.

Көптеген компаниялар мұны мойындамаса да, бүгінде әлеуметтік желілер жеке тұлға жайлы ақпарат жинаудың бір бөлшегіне айналды.

Robert Walters кадрлік агенттігінің жүргізген зерттеуі жұмыс берушілердің тең жартысы қызметкер жөніндегі ақпаратты әлеуметтік желілерден іздеуге дайын екенін көрсетті. Ал 63

Техас штатындағы Даллас кеңесшісі Стив Нгуеннің айтуы бойынша, жеке парақшасында жазбаларды жөн-жосықсыз жариялаған кез-келген адам қолайсыз жағдайға тап болуы мүмкін.

Алайда жеке парақшамызда әлденені жариялауға асыққан кезде сақтықты ұмытып кетеміз.

«Көптеген адам қандай да бір таңдандыратын не күлкілі жағдайлар жайлы бірінші болып жарияға жар салғысы келеді. Ол турасындағы жазбасын жариялауға асығатыны соншалық, ақпаратты өңдеуді естен шығарып жатады», – дейді Нгуен.

Егер қандай тәуекелге барып отырғанымызды білсек, неге ондай қадамға барамыз?

Веб-психолог әрі «Ықпал торы» кітабының авторы Натали Нахи адам өз әрекетінің салдарын аңдай алмаған жағдайда «тежелу» орын алатынын айтады.

Біз бір-бірімізбен эуранның арғы жағында отырып араласамзы. Өз кезегінде, ол арамызды алшақтата түсіп, кейде жасырын әрекет жасауымызға мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде санамызда әлеуметтік желілерде небір пікірлер қалдырып, ойға қонымсыз дүниенің бәрін жариялай аламыз деген ой туындайды. Десе де өмірдегі шынайы болмысымыз – жеке парақшадағы «Менге» кереғар.

Өзін-өзі жарнамалау мен цензура

Ғаламторда аса дарынды адамдардан бұрын, ең шулы, жарқын әрі өзін жарнамалауды білетін адамдар көпшіліктің назарын тартады.

Мамандар бұл үрдістің тұлғаның ұсақталуына әкелетінін айтады.  Әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларымыз арқылы өзімізді тек жақсы қырымыздан көрсеткіміз келеді. Ал жаман пікір тудыратын жазбалар жоқтың қасы.

Десе де әлеуметтік желілердің соңғы он жылдықтағы әкелген пайдасы зиянын басым.

«Әлеуметтік желілердің адамдармен қарым-қатынасымызға теріс әсері, шынайы өмірмен байланысымызды үзетіні еш жерде нақты дәлелденбеген», – дейді калифорниялық медиа-психология салласын зерттеу орталығының директоры Памела Рутледж.

Оның пікірінше, ең бастысы мінез-құлқыңыздың арман-мақсатыңызға оң не теріс ықпалын ұғына білсеңіз болғаны.

Талқылау