Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін Қапшағайдың әкімі жұмыстан кетті

Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов өзіне қатысты даулы бейнежазба интернетке шыққаннан кейін жұмыстан кетті.

4747

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың азаматтарды қабылдау барысында келушілердің бірімен дөрекі сөйлескен видеосы жарияланған еді. Әлеуметтік желіде таралған бейнетаспадан кейін әкім жұмыстан өз еркімен кету жөнінде өтініш жазғаны айтылған болатын.

Сонымен қатар, Қапшағай әкімі Сәтжан Қиқымов пен оның алдына келушілердің арасындағы әңгіме түсірілген даулы бейнеролик бойынша тексеру Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынған болатын.

“Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың қызметтік әдеп нормаларын бұзуына байланысты, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің 25-тармағына сәйкес Алматы облысы әдеп жөніндегі кеңестің қарауына жіберілді. Оны қарау нәтижесі туралы қосымша хабарланады”, – делінген ақпар хатта.

Бұған дейін әкім мен тұрғын арасындағы әңгімеден шыққан шулы бейнежазба жайлы материал жариялаған едік. Әкімнің өзі тарап кеткен шулы видеоға пікір білдірді.

Оқи отырыңыздар:

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы қыз туралы жаңа айғақтар пайда болды

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады

Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей анықталды

Талқылау