Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде киім сатқан тараздық қыз жұрттың ақшасын алып, алдап келген

Тараз қаласында тұратын 23 жастағы қыз интернет арқылы алаяқтық жасады деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Әлеуметтік желіде киім сатқан тараздық қыз жұртың ақшасын алып, алдап келген

Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтың Instagram әлеуметтік желісінде тондар және тері бұйымдарын төмен бағамен сату және жеткізу туралы жалған парақшалар ашқанын анықтады.

Ол  «клиенттері» өз дауысын танып қоймасын деген оймен, тек қана Whats App арқылы хабарлама алмасып отырған. Осылайша, сатып алушыларды қызықтырып, тауарды үйіне дейін алып келетінін айтып, ақшасын Qiwi- кошелек арқылы 100 пайыз төлеуді талап етіпті.

Әлеуметтік желіде киім сатқан тараздық қыз жұртың ақшасын алып, алдап келген

«Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов атап айтқандай, жәбірленушілер алаяқтың шотына 100 мыңнан 300 мыңға дейін ірі сомада ақшалай қаражаттарын аударған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ нөмірлерді бұғаттап, аккаунттарды жойып, ұялы телефондарын сөндіріп отырған», – делінеді хабарламада.

Әлеуметтік желіде киім сатқан тараздық қыз жұртың ақшасын алып, алдап келген

Сонымен қатар ол осындай айла арқылы 7 адамды алдап, 1,5 миллион теңге пайда тапқан.

Қазіргі уақытта 23 жастағы қызға қатысты ҚР ҚК 190-бабы, 2-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде киім сатқан тараздық қыз жұртың ақшасын алып, алдап келген

Өз кезегінде полиция департаменті азаматтарға және интернет арқылы сатып алушыларға тексерілген интернет-өнім берушілерінің қызметін ғана пайдалануға, сондай-ақ тауарды жеткізгеннен кейін және алғаннан кейін ғана төлем жасауға кеңес береді.

«Осыған ұқсас фактілер бойынша жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полицейлер аталған азаматшаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен жәбірленушілерге Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) жүгінуін немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35 телефондарына немесе 102 нөміріне қоңырау шалуларын сұрайды», – делінеді полиция хабарламасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау