Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада пайда болған түсініксіз белгілерге таң қалды

Әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы Есіл өзені жағалауында орнатылған түсініксіз белгінің суретін жариялап, қызу талқыға салуда.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Астана тұрғындары бұл белгінің нені білдіретініне байланысты өзіндік болжамдарын айтқан. Біреулері аталған жерде көпір астынан өтуге болмайды дегенді, біреулері шомылуға, ал енді біреулері қоқыс тастауға тыйым салынған белгі деп санайды.

Кейін түсінікті болғандай аталмыш белгі ешқандай тұрғындар болжаған тыйым салу мәнін білдірмейді. Бұл белгілер ҚР ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің бастамасымен қойылған.

“Егер байқасаңыздар су жағалауында көк түсті белгілер бар, онда “су қорғау аймағы” деп жазылған. Олар мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген. Белгілерге байланысты министрлікте техбақылау және метрология комитетінде тіркеу жасалынған”, – деп хабарлады комитет.

Аталған белгі жағалауға ауылшаруашылық, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға тыйым салады.

Талқылау