Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желі қолданушылары Apple басшысын келемеждеді

Apple басшысы Тим Куктың Super Bowl матчы кезінде жариялаған суреттері сынның астында қалды. Тіпті қолданушылар сапасыз сурет түсірген Тим Кукқа айфонын лақтырып тастауға кеңес берген.

1452250945_10

Сурет svopi.ru сайтынан алынды

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Дүйсенбі күні АҚШ-та өткен елдің ең негізгі спорттық оқиғасы саналатын Super Bowl сайысының мерейтойлық 50-ші матчында Тим Кук өзінің Твиттер желісіндегі парақшасында түрлі-түсті қағаздардың алаңға шашылған сәтін жария еткен. Бүлінген ештеңе жоқ, әрине. Тек сурет бұлдырап шыққан. ввв

Ал әлеуметтік желі қолданушылары сапасыз сурет үшін, Тим Кукқа әзілдеп тиіскен.

«Біреулерің оған Galaxy S6 немесе LG G4 беріңдерші», – деп жазды бір қолданушылар. Алайда Тим Кук сол күйі суретін өшірген жоқ. Есесіне оның сол мачта түсірген келесі суреті өте әдемі әрі сапалы шықты. ыыыыыы

Өздерінің керемет смартфондарын шығарып жатқан Apple компаниясы камера сапасы тұрғысынан көшбасшылардың қатарында. Жуырда ғана компания «iPhone 6s-те түсірілген» атты жаңа жобасын іске қосқан. Олар айфонның соңғы үлгісімен түсірілген 53 үздік суретті іріктеп алып, әлемнің 26 мемлекетінің 85 қаласында билбордтарға ілген болатын. Твиттер қолданушылары Куктың суреттері аталған жобаға ене алмауы мүмкін деп те пікір білдірген еді. Алайда, компания жетекшісінің сәтсіз суреттері еш өңдеусіз аталмыш жоба аясында билбордқа ілінгені хабарланды.ыыыффф

Талқылау