Әлемнің жеті кереметінің бірі қайтадан қалпына келтірілмек

Сенбі, 26 Желтоқсан , 2015 9:19

Грек сәулетшілері командасы бұдан 2000 жыл бұрын бұзылған Родостағы Колосс ежелгі мүсінін қалпына келтіру жобасын ұсынды.

Колосс-Родосский

Бұл туралы moya-planeta.ru. хабарлады.

Жобаның бас сәулетшісі Арис Палластың айтуынша, жаңа Колосс грек экономикасының қалпына келтірілуін бейнелеуі тиіс.

«Біз Грекия қайтадан аяғына тұра алатынын көрсеткіміз келеді, экономиканы қайта қалпына келтіруге елдің күші жетеді», – деді Паллас.

Сәулетшілердің пайымдауынша, жаңа мүсін түпнұсқасындағыдан бес есе үлкен болып, биіктігі 135 метрге жетпек. Монумент бұрынғы орнына, Родос порттық қаласының қойнауына кірер жерге орнатылады, қалаға кіретін кемелер ежелгі дәуірдегі сияқты алып мүсіннің аяқтарының арасынан өтеді.

 «Біз ежелгі Колосстың көшірмесін қайталамаймыз. Біз оны жетілдіріп, символдық бейнеге айналдырамыз. Біз бүкіл әлемнен адами және қаржылық ресурстарды іске қосамыз. Сөйтіп, ол жаһандану символы болады және сонымен қатар ежелгі Колосспен байланысты грек мәдени дәстүрлерін жаңғыртамыз», дейді Паллас.

Мүсін қола түстес күн батареяларымен жабдықталады. Колосс ішінде ежелгі мұражай және кітапхана болмақ. Оны жасаушылардың есебінше, мүсінді тұрғызу 250 млн. еуроға түспек. Бұл қаржы шамамен жеті жылда өзін ақтайды: жоба авторларының есебінше, Колосс туристерді тарту есебінен жылына 35 млн. еуроға тарта табыс әкелмек.

Әзірге жобаны қаржыландыру көздері анықталған жоқ. Сәулетшілер оны жүзеге асыру үшін жеке демеушілерді  және мемлекеттік бюджеттен қаржы тартпақшы.

Родостағы Колосс – ежелгі гректің Күн құдайы – Гелиостың алып мүсіні, ол Грекияда, Эгей теңізіндегі осымен аттас аралдағы Родос порттық қаласында болған. Ол әлемнің жеті кереметінің бірі. Оның биіктігі шамамен 36 метр болды. Колосс 65 жыл тұрды. Біздің жыл санауымызға дейінгі 222-ші немесе 226-шы жылы Родостағы жер сілкінісі салдарынан қирады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар