Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әлемнің барлық елін аралап, кино түсіресіз": "Бизнес по-казахски" туындысының төртінші бөліміне сценарий жазылуда

"Бизнес по-казахски" туындысының төртінші бөліміне сценарий жазылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы кинокартинаның үш бөлімінде де басты кейіпкердің ғашығы болып ойнайтын Гүлназ Жоланова айтып берді. Әзірге продюсерлерден ұсыныс түспегенімен, актриса бұл туындыдан бой көрсетуге үмітті.

"Бұл сыбыс рас сияқты. Продюсерлер әлі хабарласқан жоқ. Сценарийді жазып бастаған. Төртінші бөлімі болады және бұйырса жаздың соңына қарай түсірілім болатын шығар. Бірақ, ол жерде кім бар, кім жоқ, қай елде болатынын нақты білмеймін", - дейді Гүлназ Жоланова.

Ал, көптің көңілінен шыққан кинокартинаның продюсеры Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" көрерменнің көңілінен шығап жатса ғана, жалғасын табады деп түсіндірді.

"Әлеуметтік желіде әлемнің барлық елін аралап, кино түсіресіз бе деп жазады. Егер де елге ұнап жатса, біз оның жалғасын түсіруге дайынбыз", - дейді Нұрлан Қоянбаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр