Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы барлық әлемдік жеңістерді жоққа шығару туралы мәселені қарастырмақ.

large

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Мұндай бастаманы халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы көтерген. Олар жеңіл атлетикадағы допинг мәселесі бойынша, спорттың бұл түрі “жаңа дәуірлерін” бастауы тиіс. Демек, барлық бұған дейінгі нәтижелерден бас тартуға тура келмек.

Бұл ретте 100, 200 метрге жүгіруден 6 дүркін олимпиада чемпионы Усейн Болт (8 рекорд) жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін.

ХЖАФ осы жағдайға қатысты әлемді дүр сілкінтетін шешімді қабылдамас бұрын, бастаманы қолдаушылар мен қолдамайтындардың дауысын сарапқа салмақ. Өйткені, барлық нәтижені жоққа шығарар болса, допинг қабылдамаған спортшыларға да кесірі тиіп кетуі ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Илья Ильин жетім балаға тегін білім беру депозитін ашты

Талқылау