Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі тұлғалар ақшасын қайда жасырғаны белгілі болды

Әлемге әйгілі тұлғалардың оффшорлық шоттары туралы ақпарат көпшіліккте тарады. Құпия шоттары белгілі болып қалғандар арасында мемлекет басшылары, ірі бизнесмендер, голливуд жұлдыздары мен атақты спортшылар бар. Ақпарат панамалық Mossack Fonseca оффшорлық компаниясының құжаттары журналистер қолына түскен соң тарап кеткен, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Mossack-Fonseca

Мәліметтерге қарағанда, осы фирма қызметіне Путиннің жақын серіктері, Украина басшысы Петр Порошенко, Сауд Арабиясы королінің отбасы, Әзірбайжан преденті Ильхам Әлиевтің балалары және Қытай Орталық компартиясының мүшелері жүгінген. Барлығы қаржының заңсыз айналымын ұйымдастырып, жасырын шоттарға қомақты соманы салыпты. Мәселен, Путиннің жақын досы виолончелист Сергей Ролдугин миллиад доллардан асатын оффшорлық топтың операторы деп көрсетіліпті құжатта. Ал қаржыны Ресейдің кәсіпкерлері аударып отырған. Сонымен қатар ақшасын ел көзінен жасырғандар тізімінде футболист Лионель Месси, актер Джеки Чан мен ФИФА-ның шенділері бар. Қазірше жарияланған тізімде қазақстандықтардың есімі табыла қойған жоқ.

Талқылау