Әлемге әйгілі футболшылар ЭКСПО-ға келмек
Әлемге әйгілі футболшылар 5-6 тамызда “EXPO 2017 Football Cup” халықаралық футбол турниріне қатысу үшін Астанаға келеді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
“Астана ЭКСПО-2017” баспасөз қызметінің мәліметінше, астаналық турнир форматы бойынша “Аңыздар кубогына” ұқсайды, онда команда құрамында 5 ойыншы мен бір қақпашы болуы тиіс.
“Астана-Арена” стадионында Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрамалары мен әлем құрамасы кездеседі.
Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов және тағы басқа футболшылар жанкүйерлерін үздік ойын өрнегімен тәнті етпек.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыда қоғамдық көлік шопырлары қан-жоса болғанша төбелесті (видео)
Жігітін қызғанған бойжеткен оның үстіне күкірт қышқылын құйып комаға түсірді (фото)
Ақтөбеде бейтаныс жігіт алып қашқан қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді