Әлемдік жұлдыздардың арасында тырнағын бояйтын ерлер кімдер?

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 23:27

Криштиану Роналдудың тырнағын қара бояумен бояған суреті желіде шу тудырды. Бұл ретте әлемдік шоу-бизнестегі тырнақ бояуды ұнататын еркек кіндіктілер тізімін жасауды жөн көрдік.

8gnNvIPgIEM

Футболшының жанкүйерлерінің барлығы оның жаңа әуестігін құптай қоймады. «Әзілдеп тұрсыздар ма? Ол тырнағына не жаққан?» – деген сауал төңірегінде ызаланған желі қолданушылары бас қатырды. Кейбірі суреттің Photoshop-пен өңделгенін айтса да, сурет көпшілігінің күлкісін келтіріп, таңданысын тудырды. Бірақатар адам Роналдудың тырнағындағы бояуды тырнаққа арналған бояу емес, зеңнен арылуға көмектесетін жақпа май деп топшылаған.

Снимок экрана (102)

Сурет Instagram-дағы cr7worldwide аккаунтында жарияланған. Оны спортшының ғаламтордағы жанкүйерлер клубы деуге болады. Дәл осы аккаунтта бұл футболшының тырнағын алғаш бояуы еместігі жөнінде айтылған. 2010 жылы спортшыны мұндай кейіпте 2015 жылға дейін кездескен сүйіктісі Ирина Шейкпен бірге суретке түсіріп алған.

Ал тағы бір маникюр жасатушы Джонни Депп тырнақ бояуын қолданып қана қоймай, өзгелерді де қатарға қосылуға шақырады. Жұлдызды «қарақшы», тіпті, ер адамдарға арналған косметикалық құралдар жасап шығарған. Бұл жаңалықты Дэвид Бекхэм мен ханзада Гарри бағалады деседі. Тырнақ бояуы – сұр, қызылкүрең және қола түсті. Джоннидің пікірінше, тырнақ бояу – денені бояу сынды сәнді.

1112405

Әріптесі Роналду мен ғаламшарымыздың ең сәнді футоболшысы Дэвид Бекхэм бірде фототүсірілім үшін тырнақтарын бояп, мұнан соң оған құмарта бастаған. Спортшы тырнақ бояуын кейде жұбайы Виктория Бекхэмнен алатынын, тіпті, оның ішкиімін киетінін мойындаған.

1112424

Бұл ретте рэп шеберлері де қалыс қалмайды. Уиз Халифа келбетін жарқын ету үшін тырнағын қара түсті тырнақ бояуымен бояған.

1112415

Тырнағын бояйтын жұлдыздар ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің қатарынан да табылады. Мысалға «Агата Кристидің» бұрынғы мүшесі және The Matrixx тобының көшбасшысы Глеб Самойловты алуға болады. Ол тырнағын қызыл, қара, күміс түске де бояған. Бірде музыкант тәжірибе үшін бір қолының тырнақтарын қара, екіншісінікін қызыл түске бояған екен. Алайда жұлдыздың бұл әрекеті ғаламторда шу тудырған. Десе де оған Самойлов қынжыла қоймады. Мұнан соң екі қолының тырнақтарын да қызыл түске боуға ұйғарған.

1112417

Голливудтық жұлдыз Брэд Питт Палм-Спрингстегі халықаралық кинофестивальде түрлі түсті тырнақтарымен елді таңдандырған еді. Бірақ Питтің тек шылдыр шүмегі мен шынашағы ғана боялған. Журналистердің пайымдауынша, жұлдызға мұндай маникюр жасаған балалары болуы мүмкін.

1112422

«Тірі қалу» фильмі мен «Сақиналар әміршісі» кинотрилогиясының жұлдызы Доминик Монаган кейде тырнағын бояп, белдемше киіп, гомосексуализмге бейімділігі жайлы қауесеттерді де теріске шығармайды. Ал оның сүйіктісі канадалық актриса Эванджелин Лилли «хоббитті» сол қалпында-ақ қабылдайды екен.

1112423

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жетісіпсіңдер ақырзаман белгісі деген осы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар