Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік жұлдыздар әйелдерді макияждан бас тартуға шақыруда (фото)

Соңғы уақыттары табиғи сұлулық, опа-далапсыз шынайы түр сәнге айналғандай. Әлемдік нәзік жанды жұлдыздардың өздері #nomakeup хэштегімен жиі сурет жариялап, бүкіл әйелдер қауымын бояудан бас тартуға шақыруда.

detail_4cfefad0c01529ece5eff27776c69357

Актрисалар, әншілер, тіпті, модельдер бояусыз, табиғи түрлеріне разы екендерін және макияжсыз-ақ журнал мұқабаларына шығуға дайын екендерін мәлімдеп жүр. Бұл тақырыпқа, тіпті, әлемдегі ең танымал басылымдардың бірі Washington Post-тың өзі қалам тербеген еді.

Бұл туралы Лента.ру жазған.

Жуырда американдық NBC телеарнасында The Voice жобасының жаңа маусымы басталды. Жобадағы төрешілердің бірі, жас таланттардың ұстазы, әнші Алиша Киз эфирге боянбаған күйде шықты. Бұған дейін ол макияжсыз түрімен Vogue журналына суретке түсіп, BET Awards қызыл кілемінің үстінен жүріп өткен.

«Бұдан былай ештеңе жасырғым келмейді. Бет-жүзімді, ақылымды, жанымды, ойымды, армандарымды, тап болған қиыншылықтарымды, ештеңені жасырмаймын»,  — деп мәлімдеді американдық әртіс.

35-жастағы Киз жасы ұлғайған сайын опа-далаптың артық нәрсе екендігін түсінгенін айтқан.

Grammy музыкалық сыйлығының 15 дүркін иегері жазған мына бір өлең жолдарына зер салыңыз: «Мүмкін, мына Maybelline менің өзіме деген сенімділігімді жасырып жүрген шығар?»

Алишаның жарияланымдары көптеген қыздарды жігерлендірді. Соның арқасында #nomakeup хэштегі танымал бола түсті. Бүгінде Instagram-да осы хэштегпен жарияланған 12 миллионға жуық сурет бар.

Алайда Киз бояусыз елдің алдына шыққан жалғыз жұлдыз емес.

Гвинет Пэлтроу

Дженнифер Лопес

Тонналап макияж жағуды ұнататын танымал әртістердің өздері бүгінде халықтың алдына табиғат жаратқан келбеттерімен шығудан ұялмайды. Оқырмандарын бояусыз түрімен қуантып жүрген жұлдыздардың бірі – апалы-сіңлілі Кардашьяндар.

Балғын тері және адамның келбетіндегі кемшіліктерді көрсетуді журнал редакторлары да құптайтын болып шықты. Мәселен, мына бір журналдың мұқабасына Алиша Киз бояусыз шыққан.

Сұлулық жайында жазатын Allure басылымының мұқабасында «Кардашьяндар отбасы» телешоуының жұлдызы Кайли Дженнердің суреті шыққан.

Мила Кунис болса Glamour журналының мұқабасына макияжсыз суретке түсіп қана қоймай, басылымға сұхбат беріп, өз сөзінде ешқашан опа-далапты ұнатпағанын, күнделікті өмірде мүлдем бояу қолданбайтынын айтқан.

«Бояну үшін ұйқыдан 30-40 минут бұрын оянатын әйелдерге деген көзқарасым оңды. Әдемі болса әдемі шығар. Бірақ мен ондай адамдардың қатарынан емеспін», — деді Эштон Кутчердің келіншегі.

Сөз соңын The Washington Post басылымының берген кеңесімен аяқтағымыз келеді: макияждан бас тарту табиғилық пен өзіңізге деген сенімділікті арттырудан бөлек, сіздің айлық жалақыңызға әсер етуі мүмкін. Ирвайндағы Калифорния және Чикаго университеттерінің жүргізген әлеуметтік зерттеулері, кеңсеге әдемі боянып әрі шашын сәндеп келетін нәзік жандылардың «қарапайым» әріптестеріне қарағанда көбірек ақша табатынын көрсеткен.

Жіберіп алмаңыз: 

Алла Пугачева бояусыз жүзін көрсетіп, жұртты шулатты

Баян Есентаеваның бояусыз түскен суреттерін көрген көпшілік оның тартымсыз көрінетінін айтып жатыр

Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялады және ол үшін еш ұялмайтынын айтты

Талқылау