Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік ұйым Қазақстанның Рио олимпиадасында қанша алтын алатынын болжады

Әлемдік Infostrada зерттеу орталығы Қазақстан құрамасының биылғы Рио-де-Жанейро олимпиада ойындарына қанша және қандай жүлдеге қол жеткізетіндігіне болжам жасапты.

image46340

Сурет caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Олимпиада құрамасының Инстаграмдағы парақшасы хабарлады.

Әлемдік Infostrada зерттеу орталығының болжамынша, Рио олимпиадасында Қазақстан 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-орын алуы мүмкін екен. Ұйым 91 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиковты алтын алады деген.

«Боксшы Данияр Елеусінов, балуан Алмат Кебіспаев, дзю-дошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев, Нижат Рахимов күміс алады» дейді зерттеу орталығы.

Жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшыларға «беріпті».

2012 жылы Лондон олимпиадасы алдында USA Today басылымы «Қазақстан 2012 жылғы олимпиадада 5 алтын алады» деп болжаған. Нәтижесінде Қазақстан жеті алтынмен жалпы есепте 12-орынды иеленген еді.

Талқылау