Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық валюта тағы да әлсіреді

Бір күннің ішінде ең жоғары сұранысқа ие мұнай құны 3 долларға арзандаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

photo_514

Күні кеше ғана Brent маркалы қара алтынның баррелі 58 доллардан саудаланып, бюджеті мұнайға байланған елдерді бір қуантқан еді. Айта кетсек, бұл соңғы бір жарым жылдағы ең жоғары көрсеткіш болатын. Бірақ бұл қуаныш та ұзаққа созылған жоқ. Тұрақсыз баға күрт құлдырап, Brent құны 55 долларға түссе, WTI маркалы мұнай 52 доллардан саудаланып жатыр.

Қара алтын нарығындағы мұндай тұрақсыздық экономикасы осы шикізатқа тәуелді елдерге ауыр соққы болары сөзсіз. Сарапшылар мұны бірінші кезекте, АҚШ валютасының нығая түсуімен байланыстыруда. Қазір доллар елімізде 335 теңгеден сатылып жатыр. Айта кетсек, бүгін долларға қатысты еуроның бағамы да құлдырай түскен.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде қолын көтеріп көлік тоқтатпақ болған жол сақшылары жазаланды

«Бір шәугім шай» немесе «күлің шашылмасын» сөздерінің мәнісі қандай

Егіз қыздар бір жігітке тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)

 

Талқылау