Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сабырсыздана күтудеміз": Димаш Құдайберген аты аңызға айналған әншімен дуэт жазып жатқанын айтып қуантты

Димаш Құдайберген әлемдік музыка аңызымен дуэт жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа дуэт жазып жатқанын айтып, бірге ән орындайтын адамды жасырды. Әзірге Димаштың дуэт жазып жатқан музыканты жер бетіндегі миллиондаған адамның махаббатына бөленген жан екені ғана белгілі.

«Әлемдік музыканың аңызымен дуэт жазып жатырмыз... World music awards жеңісі, ән айтудағы ерекшелігі, энергетикасы әлемдегі миллиондаған адамды ғашық қылған. Кім туралы айтып жатқанымды сәл кейінірек білетін боласыздар», - деп жазды ол.

Димаштың тыңдармандары дуэтті күн-түн демей күтіп жүргенін айтады. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі Димаш дуэт айтатын әнші Андреа Бочелли деп болжаған.

«Жанкүйерлердің өмірі оңай емес. Бүгін сенімен дуэт айтатын адамды ойлап ұйықтамадым. Бір білерім, бұл ғажап дуэт болмақ. Сабырсыздана күтудеміз. Бізді көп күттірме», «Сені бағалайтын достарың мен әріптестеріңнің күннен-күнге көбейіп жатқанына қуаныштымын», - деп пікір білдірді.

Талқылау