Әлемдік мұнай бағасы көтерілді
Нью-Йорк және Лондон биржаларында жұма күні өткен шикізат-сауда саттығында мұнай бағасы көтерілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері қымбаттаған. Оның бір баррелінің құны 0,52 долларға дейін артып, 57,75 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің баррелі 0,18 долларға көтерілген. Баррелінің құны 51,47 долларға жетті.
Жіберіп алмаңыз:
Вице-министр: Төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнайды
Бір сіріңкені жылжыту арқылы жұмбақтың жауабын таба аласыз ба?
Полицейлер өзімді ұрып, қызымды зорламақ болды: Ақтауда балконнан секірген әйел жағдайды баяндады
Шетелдіктер пәктігін сататын қазақстандық қыздарды аукционда үш есе қымбат бағаға сатып алады
Талқылау