Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемді таланттарымен таңғалдырған мүмкіндігі шектеулі суретшілер (фото)

Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың 10 пайызы, шамамен 650 миллионы мүгедектер. Он екі мүшесі сау адамдардың қолынан келмейтін дүниені мүмкіндігі шектеулі жандар жасады дегенге сену қиын. Бірақ, өмірлері кедергілерге толы болса да, оларға шығармашылықпен айналысу кедергі бола алмады.

Мариуш Кедзерскийдің дүние есігін ашқаннан бері екі қолы жоқ. Сонда да, оның сурет салу арманы орындалды.

Хуан Гофу 4 жыл бұрын екі қолынан да айырылды. Бірақ оны арманына жетуге ештеңе тоқтата алмады. 12 жасында екі аяғымен сурет салуды үйренген.

Айрис Грейс аутизммен ауырды.Ол логопедпен сөйлеуді үйреніп жүргенінде, тіл маманы Айристің ата-анасына оны сурет салуға үйрету керек деген ұсыныс тастады. Сөйтсе, Айрис өте таланытты болып шықты.

Питер Лонгстафф қолсыз туылған. Балаға анасының жүкті кезінде қолданған талидомид дәрісі әсер еткен. Бірақ, Питр өзін ешқашан мүгедекпін деп есептеген жоқ. Ол оң аяғымен сурет салуды үйреніп алған.

Стивена Уилтшира 3 жасында саванта синдромымен ауырған. Енді ол жадындағы суреттерді салып, әлемге танымал болды.

Церебралды мүгедектікпен туылағн Пол Смит бір ғана саусағы арқылы жазба мәшинесінде сурет салады.

Джейси Шейтан Тенет 20 жыл бұрын оң қолынан айырылды. Енді тек сол қолымен сурет салады. Бірақ, инженер әрі дизайнер досы оған жасанды қол салып береді. Сол арқылы тату-суреттер сала алады.

Ракан Абдулазиз Курди Сауд Арабияда мүгедектердің шығармашылықпен айналыса алатынын дәлелдеп жүрген жан.

Викторин Флойд Флад – соқыр фотограф, 26 жасында көз жанарынан айырылған.


Дуг Джексон церебралды мүгедектікпен туылаған. Енді ол басына жапсырылған қылқалам арқылы сурет салады.

Тағы оқыңыз:

Қатерлі ісікпен ауыратын қыз фотографты таңғалдырды (фото)

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Динара Сұлтан жалаңаштанған қазақ қыздарына жан айқайын жеткізді (видео)

 

 

Талқылау