Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемді өзгерткен спорттағы 14 сәт (фото)

Әлемдік спорт тарихында тек сол спорттық сайыс барысына ғана емес адамзат тарихына да өзгеріс әкелген елеулі сәттер баршылық. Сондай аяулы шақтардың арқасында адамдардың бойында үміт пен сенім пайда болып, келелі келешекке қадам басты.

Muhammad-Ali-Stripped-Of-Title1

Суреттер allday.com сайтынан алынды

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Нәсілдік кемсітушілік саясаты Оңтүстік Африканың саяси және әлеуметтік құрылымына әсер етті. Регбиден әлем чемпионатында ОАР құрамасы жаңа зеландиялық қарсыластарын жеңіп кетеді. Бұл тарихи жеңіс нәсілдік келіспеушіліктің бәсін төмендете алды. Бірнеше жыл бойы елдің қара нәсілді тұрғындарының құқы үшін күрескен ОАР президенті Нельсон Мандела команда капитаны Франсуа Пьенарудың қолын алып құттықтаған. Rugby-And-Apartheid

Людвиг Гуттман есімді британдық дәрігер екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне көмектесу үшін, мүгедектер арбасына таңылған азаматтар арасында халықаралық спорт сайыстарын ұйымдастырады. Кейіннен бұл Паралимпиялық ойындарға айналып кеткен еді. SSK74Dc

1936 жылы Берлиндегі олимпиадалық ойындар гитлер теориясына сәйкес арийлік нәсілдердің басымдылығымен өтуі тиіс еді. Алайда оның жоспарын америкалық қара нәсілді жеңіл атлет Джесси Оуэнс бұзды. Ол 100, 200 метрге және 400 метрлік эстафетаға жүгіруде, ұзындыққа секіруде төрт дүркін олимпиада чемпионы атағына қол жеткізеді. Оның тұғырда құрмет көрсетіп тұрған танымал суреті ұзындыққа секіру бойынша жеңімпаз атанып марапатталып жатқан сәті еді. АҚШ-қа оралғаннан кейін де Гитлер жоспарының талқанын шығарған Джессидің құттықтау қабылдау мен түрлі марапаттардан қолы босаған жоқ. Jesse-Owens-Takes-A-Stand-Against-Nazi-Germany

Тағы бір тарихи оқиға 1968 жылы Мехико олимпиадасында болды. Томми Смит және Джон Карлос есімді спортшылар бірінші және үшінші орынды лайықты алдық деп жұдырықтарын түйіп жоғары көтереді. Бұл қимылдарын олар АҚШ әнұраны орындалған сәтте де қайталайды. Black-Pride-At-The-Olympic-Games

Белгілі америкалық бейсболшы Лу Гериг 36 жасында амиотрофикалық склероз ауруына ұшырап спорттан кетуге мәжбүр болады. Спортшы үшін арнайы қоштасу салтанаты ұйымдастырылады. АҚШ-та және Канада да амиотрофикалық склероз “Лу Гериг ауруы” деп те аталады. Lou-Gehrigs-Retirement

Белгілі америкалық велошабандоз Лэнс Армстронгтан рак ауруы анықталған. Алайда, спортшы бұл ауруды жеңіп 7 мәрте “Тур де Франсты” ұтып алады. Оның бұл әрекеті көп адамды алға жетелеп, сенім сыйлады. Lance-Armstrongs-Tour-De-France-Victories-After-Defeating-Cancer

Керемет спортгшы Бобби Мартин ана құрсағынан аяқсыз туылған. Бірақ, бұл жәйт оның америкалық футболмен айналысып, тіпті университет намысын қорғауына да кедергі болған жоқ.The-Legless-Football-Player

1900 жылғы Париждегі олимпиада ойындарына дейін әйелдерге бұл жарысқа қатысуға рұқсат берілмейтін. Сол жылы теннис пен гольфқа әйелдердің де қатысу мәселесі шешімін тапты. Ал 2012 жылғы Лондон олимпиадасында тұңғыш рет әйелдер боксы сайыс бағдарламасына енгізілді. First-female-athletes

1965 жылы Кассиус Клей ауыр салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ертеңіне ол “Ислам ұлттарының” мүшесі атанғанын айтып, есімін Мұхаммед Әли деп өзгертеді. Ол Вьетнамдағы соғысқа да белсене қатысты. Осының кесірінен чемпиондық атағынан, белбеулерінен айрылды. Muhammad-Ali-Stripped-Of-Title1

1947 жылы сәуір айында бейсболшы Джеки Робинсон “Бруклин Доджерс” клубымен келісімге келіп Америка басты лигасындағы тұңғыш қара түсті ойыншы атанды. Оның өміріне төнген қаптаған қауіп-қатерге қарамастан өз талантының арқасында керемет жетістіктерге қол жеткізді. Jackie-Robinson-Becomes-A-Dodger-19471-800x600

1973 жылы 20 қыркүйекте әйелдер арасында теннис чемпионы Билли Джин Кинг әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Бобби Ригске қарсы шығады. Ол қанша жерден мықты болса да, қарсыласын жеңуге болатынын сезеді. Нәтижесінде Кинг Риггсті ұтып кетіп, 100 000 доллар сыйақыға кенеледі. Billie-Jean-King-Wins-The-Battle-Of-The-Sexes

Шыққан тегі ямайкалық болып саналатын канадалық жеңіл атлет Бен Джонсон 1988 жылғы Сеул олимпиадасында әлемдік рекордқа қол жеткізеді. Үш күннен соң спортшы стероидты дәрмек ішіп ұсталып, атағынан айырылады. Ол төрт жылдан соң Барселона олимпиадасына қатыса алғанымен, тағы да рұқсат етілмеген препараттар пайдаланып ұсталып қалады. 1993 жылы спортшы спорттан өмір бойына шеттетілді.Ben-Johnsons-Lifetime-Ban

Огаста қаласындағы ұлттық гольф-клубы 1975 жылға дейін қара нәсілді спортшыларды қабылдамаған. 1997 жылы 21 жасар Тайгер вудс “Мастерс” турнирінде жеңіске жетіп, бұл гольф-клубтың қатысушысы атанады. Tiger-Woods-Wins-Masters-At-Once-Segregated-Golf-Course

Америкалық футболшы Реджи Буш өз командасымен бірге Оңтүстік Калифорния университетінің атынан жарыстарға қатысып, бірнеше жеңіске жетеді. 2005 жылы жақсы өткізген маусымы үшін Хейсмен сыйлығымен марапатталады. Reggie-Bushs-Heisman-Lose

Талқылау