Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі жантүршігерлік мекендер: саяхаттауға батылыңыз жете ме (фото)

Саяхаттау арқылы таным деңгейімізді кеңейте аламыз. Бірақ бұл орындарға саяхаттаудың жөні басқа. Мұнда танымыңыз артып қана қоймай, жан-тәніңіздің дүр сілкінері анық. Қызықты оқиғалар мен қауіп-қатерді сүйетіндердің назарына глобустағы «қорқынышты» бес нүктені ұсынамыз.

1369574474_kukliСурет: infoaboutworld.com

Мыңдаған егеуқұйрық өріп жүрген ғибадатханадан бастап, адам тәнін жансыздандыратын жыландар басқан аралға дейінгі аумақта жүрегің аузыңа тығылып, денең түршігетін сұмдыққа толы мекендер баршылық.

 

Адам қаңқасына толы мұзды өзен

160408104209_scariest_glacial_lake_human_skeletons_624x351_schwikihumanskeletonsinroopkundlakewikipediaccbysa4.0_nocreditСурет: bbc.com

Теңіз деңгейінен 5029 метр биіктікте жатқан Роопкунд өзеніне жетудің өзі оңайға соқпайда. 1942 жылы талай қиындықтарды бастан кешіріп,  өзенге жеткен үнділік орманшы таңғаларлық жағдайға тап болған: өзен жағасында сансыз адам қаңқасы шашылып жатқан еді.

Күн жылып, жаз шыққанда, еріген қардың астынан жүздеген адам қаңқасы көрінеді. Олардың кейбірінің шашы мен терісі әлі күнге дейін сақталып қалған.

Мұншама адамның өліміне себеп болған не нәрсе? Гималайдың адам аяғы баспайтын өңіріндегі  өзен қалайша бауырластардың қабіріне айналды?

Жергілікті халық та, антрополог мамандар да қайғылы жағдайдың себебін өздерінше түсіндіруге тырысты. Олардың ойынша, сансыз адамның қырылуына оба, көшкін, тіпті, салттық өзін-өзі өлтіру де себеп болуы мүмкін.

2004 жылы өзенді зерттеуге жіберілген экспедиция тың мәліметтер жинады. Өңірде 200-300 шамасында қаңқалар шашылып жатқан көрінеді.  IX ғасырда қаза тапқан адамдар 2 топқа бөлінеді: туыстық байланысы бар тайпа мен аласа бойлы жергілікті тұрғындар.

Адам қаңқаларының жанынан сақина, найза, былғары аяқ киім, бамбук таяқтары табылған. Мерт болғандардың бәрінің бас сүйегінде кішігірім  жарық бар. Соған қарағанда, барлығының өлімінің себебі бір: қаруға ұқсамайтын дөңгелек затпен ұрғанның салдарынан өлімге душар болған.

Ғалымдардың пікірінше, барлығы да жауған бұршақтың құрбаны болған. Теннис добы іспетті ірі әрі қатты бұршақтар өзге тайпа өкілдері мен жол бастаған жергілікті тұрғындардың басы мен иықтарына тиіп, жарақаттаған.

Паналайтын жер таппаған адамдар өлім құшып, бұл аймақ бауырластар қабіріне айналды.

Өзендегі қаңқалар әлі күнге дейін жатыр. Дене түршіктіретін әсер алғыңыз келсе, Роопкунд өзеніне жазда барғаныңыз дұрыс. Ол кезде өзен бетіндегі мұз еріп, түбінен ежелгі сүйектер көрінеді.

 

Жыландар аралы

ostrov_zmeyСурет: usingpeople.net

Бразилиялық Сан-Паулу штатынан 33 километр қашықтықта жатқан Кеймада-Гранди аралына баруға ресми тыйым салынған.

Себебі аталмыш аралды улы жыландар басқан.

Жылан аралы деп аталып кеткен аралда 4000-ға жуық аралдық ботропс мекендейді. Сирек кездесетін аса улы жыландар популяциясы теңіз деңгейі көтерлігенде құрлықтан бөлініп қалған.

Бразилиялық әскери-теңіз флоты жыландарды адамдардан, адамдарды жыландардан қорғау мақсатында, 1920 жылы аралға келуге тыйым салған.

Аралдық ботропстардың ұзындығы жарты метрден асады. Ал уы тіндердің жылдам жансыздануына алып келеді.

«Удың салдарынан түрлі ауру нышандары пайда болады. Олардың қатарында бүйрек қызметінің тоқтауы, бұлшық ет тіндерінің өліеттенуі, миға қан құйылу мен ішке қан ағу да бар. Үрейлендірмей қоймайды», – дейді Quora сайтының қолданушысы Смирити Айер.

 

«Егеуқұйрықтар ғибадатханасы»

66Сурет: ttolk.ru

Үндістандағы Карни Мата ғибадатханасы будда діні өкілдері мен саяхатшылардың назарын тартады. Көпшілік мұнда құлшылық жасау үшін ғана емес, ғибадатханада өріп жүрген егеуқұйрықтар тіршілігін қызықтауға келеді.

«Егеуқұйрықтар ғибадатханасы» Раджастан штатының Тар шөлінде орналасқан. Ғибадатхана ішінде 20 000 егеуқұйрық еркін тіршілік кешеді.

Қасиетті кеміргіштерден бата алу үшін, ғибадатханаға жыл сайын мыңдаған ашық ауыздар тобы мен будда діні өкілдері келеді екен.

Жергілікті халық аузындағы аңызға сәйкес, Карни Мата әйел құдайының өгей ұлы тоғандағы суға батып өлгенде, ол Яма құдайдан ұлын қайта тірілтуін сұрайды.

Яма ықылассыз келісім беріп, шарт қояды. Шарт бойынша, Карни Матаның өгей ұлы мен оның кастасындағы барлық еркек кіндіктілер өлгеннен соң, егеуқұрйық кейпінде қайта туылады.

Бұл жерге ғибадат етуге келетіндер мен ғибадатхана қызметкерлері егеуқұйрықтарды қайта туылған адамдар деп санап, оларды сүтпен, дәнді дақылдармен және арнайы дайындалған тәттілермен қоректендіреді.

Егеуқұйрықтар кемірген тағам сәттілік әкеледі деп сенетін діндарлар кейде олардан қалған тағамдарды жеп тауысып жатады.

 

Тозақ қақпасы

1Сурет: kaztur.ru

1971 жылғы ғылыми экспедиция сәтсіз аяқталды.

Түркіменстандағы Қарақұм шөлінде қызмет еткен кеңестік ғалымдар тобы мұнайдың кен орнын барлау үшін бұрғылау мұнарасын орнатқан.

Бұрғы жерастындағы газ толы кавернаға тиіп, жер жарылып, барлық құрылғылармен қоса жаһаннамға кеткен.

Төңірек улы метанға уланбас үшін, ғалымдар үлкен кратерге от қойған. Олар бірнеше күн не апта өткен соң газ қоры таусылып, оттың өздігінен өшетінен үміттенген.

Бұл оқиға 40 жыл бұрын орын алса да, ені 70 метр, тереңдігі 30 метрді құрайтын шұңқыр әлі күнге дейін отқа оранып жатыр.
Жергілікті халық оны «Жаһаннам есігі» немесе «Тозақ қақпасы» деп атайды.

«Қауіпті шұңқырдағы от ешқашан өшпейтін сияқты», – дейді Quora сайтының қолданушысы Адитья Басу.

Дегенмен жердегі шайтан мекеніне саяхаттап келушілердің қатары толастар емес. Тіпті, шұңқыр маңына лагерь құратындар да бар.

 

Қарғыс атқан қуыршақтар аралы

5bf1f654258fc1cf1b8b3275605d1306Сурет: moya-planeta.ru

Мексикадағы Мюнекас аралыныңың ғажайып бақтары бір ғана қайғылы жағдайдан кейін жан түршігерлік мекенге айналды.
Жергілікті аңыз бойынша, Мехико қаласының маңындағы Сочимилько каналдарында кішкентай қыз суға ағып кетіп, қайтыс болған. Бүлдіршіннің өмірі үзілген су ағынмен қуыршақтарды әкеле бастаған.

Джулиан Сантана Баррера есімді адам баланы ажалдан аман алып қала алмағаны үшін өзін кінәлап, қайтыс болған қызға арнап аралды қуыршақтарға толтыруды ұйғарған.

«Қазір Қуыршақтар аралы арамыздан ерте кеткен бақытсыз қыздың рухына бағышталған»,- дейді Quora сайтының қолданушысы Рушали Рамтеке.

Көп жылдар өткен соң аралдағы ағаштардың бұтақтары сиқы кеткен қуыршақ қалдықтарына толған.

Ырымшыл жергілікті тұрғындардың сенімі бойынша,  қыздың рухы қуыршақтарға еніп, олар бір-бірімен сыбырласып,   аралға сенгіш келушілерді тартады екен.

Оқиға мұнымен аяқталмайды: жарты ғасырға жуық уақытын аралды қуыршаққа толтыруға арнаған Баррердың өлі денесі каналдағы судан табылған-ды.

Бұл жағдай 2001 жылы орын алған. Одан бері көптеген қызыққұмар саяхатшылар аралды тамашалуға келіп,  кейбірі ағаш бұтақтарына жаңа қуыршақтарды іліп, аралдағы қуыршақтар топтамасын толтыруға атсалысуда.

Талқылау