Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ерекше жаралған жандар (фото)

Бізді қоршаған орта керемет, әсіресе, әлемнің әр түкпірінде жаратылысы ерекше, ғажайып адамдар кездесетіні ақиқат. Бүгін біз сондай бірнеше адаммен оқырмандарды таныстырғанды жөн санадық.

Бойы ұзын қалыңдық

Алғашқы кейіпкеріміз Элизани да Крус Сильва Бразилияда туған. Қазір ол жасы 19-да болғанымен, бойының ұзындығымен бүкіл бразиялықтарды таң қалдыруда. Осыдан біраз бұрын осы елде өткен бойшаң бойжеткендер жарысында Элизани да Крус Сильва  2 метр 3 сантиметр бойымен «Бразилияның ең ұзын бойжеткені» атағын жеңіп алды. Алайда отбасын құруды ерте ойлаған ол, өзі тәрізді бойшаң жігітті кездестіре алмады. Содан Элизани өткен жылы Франсинальдо да Сильву Карвальо есімді жас жігітпен танысып, оған тұрмысқа шығуға бел байлап отыр. Тіпті күйеу жігіттің ата-анасы қызға құда түсіп, сол елдің ежелгі салтымен құда кәде жасап, бәтуәласып қоған. Десек те, күйеу баланы бойшаң деп айту қиын. Өйткені оның бойының ұзындығы небәрі – 1 метр 62 сантиметр. Бойжеткен мен күйеу жігіттің бой айырмашылығы – 21 сантиметр. Сөйтсе де, орта бойлы жігіт әдемі де сұлу Элизаниді өте жақсы көреді. 24 жастағы Франсинальдо да Сильву Карвальо осындағы құрылыс фирмаларының бірінде құрылысшы екен. Жігіттің достары «өзіңе ыңғайлы орта бойлы қыз таппадың ба?» әзілдеп-қағытса, ол: – Бойда тұрған не бар? «Махаббат жасқа қарамайды» дегендей, бойда тұрға ештеңе жоқ. Ең бастысы, ол мені мен оны жанымдай жақсы көреміз. Отбасылық өміріміз баянды болатынына сенімідімін!» – деп жауап қайтарады. «Бақыт бойға қарамайды» деген осы болса керек, деп жазады Айқын.

Мүмкіндігі шектеусіз чемпион

Америкалық 27 жастағы Джен есімді бойжеткен тумысынан мүгедек. Ол жарық дүниеге аяқсыз келіпті. Соның салдарынан туған ата-анасы бейкүнә қыздан сәби кезінде бас тартып, оны балалар үйіне өткізген екен. Өмірде қайырымды адамдар да кездеседі емес пе? Содан балалар үйінде өсіп жатқан сүйкімді қызды ерлі-зайыпты Брикерлер асырап алады. Олар қыздарына асыранды деп қарамай, керісінше, оның ешнәрседен тарлық көрмей ер жетуіне қолдан келгеннің бәрін жасайды. Қыз оң-солын танып қалған шақта «гимнастикамен айналыссам» деп армандайды. Осыны ескерген Дженнің ата-анасы оны 16 жасында спорт мектебіне апарып, гимнастикамен айналысуына жағдай жасапты. Жас қыз әлемдік биіктерді бағындырған гимнаст қыздар туралы жазбалар мен деректерді іздеп-тауып, олардың спорттағы өмірімен жақынырақ танысады. Ол 1996 жылы олимпиада ойнында талайларды таңдай қақтырып, алтыннан алқа таққан америкалық спортшы-гимнастДоминик Хелен Мосину-Каналесті пір тұтып, спортта оған ұқсағысы келеді.Ол өз арманын ата-анасына айтқанда, анасы оған: – Шындықты айтсам, сенің о, бастағы ата-тегің «Мосину» болатын, – міне, мынау сенің алғашқы метіркең, – деп Дженге құжатты көрсетеді. Олар мұны егжей-тегжейлі анықтағанда, Доминик шындығында, Дженнің туған апайы болып шығады. Қалай десек те, гимнастика өнеріне деген құмарлық олардың қанында бар екен. Мүмкіндігі шектеулі Джен бүгінде өзі өмір сүріп жатқан штаттың бірнеше дүркін чемпионы!

Алып саусақты бала

Шығыс Үндістанда өмір сүріп жатқан сегіз жасар Калим тумысынан ерекше жаратылған бала. Оның өзгелерден ерекшелігі, Калимнің әр саусағының салмағы 8 келі, ал ұзындығы – 33 сантиметр. Осының салдарынан ол күнделікті өмірде қажетті нәрселерді өздігінен жасай алмайды. Ата-анасының Калимді дәрігерлерге көрсетіп, емдеткісі-ақ келеді. Бірақ олардың қолын жоқшылық байлап отыр. Нақтырақ айтсақ, оның ата-анасы күні бойы жұмыс жасағанымен барлық табысы – 22 доллар ғана. Дәрігерлер баланың саусағында шамадан тыс ісік бар деген болжам айтуда. Қалай дегенмен, қазір жергілікті дәрігерлер Калимнің денсаулығын қалай қалпына келтіру қажеттігін жан-жақты ойластыруда.

45 келі бас киім

«Әлемде талай қызық бар» – дегендей Үндістанның Пенджаб штатындағы Патияла қаласының тұрғыны Автар Сингх басына үнді елінің ұлттық бас киімі – салмағы 45 келілік «пагди» деп аталытн тюрбанды, яғни бас киімді кигенді ұнатады екен. Ерекшелігі сол, бас киімнің салмағы 45 келі ұлттық бас киімді тігу үшін ұзындығы 645 метр мата жұмсалған. Мамандардың пікірінше, егер өте ұзын әлгі матадан олимпиада ойындарында пайдалауға болатын 13 бассейн жасауға болады екен. Алпысты алқымдаған Автар Сингх 16 жасынан бастап осы бас киімді тастамай киіп келеді екен. Бас киімнің (тюрбан) матасын орау үшін ол күніне алты сағат уақытын жоғалтады екен. Мұндай алып бас киіммен көлікке отыру, үйдің есігінен ішке кіру мен шығу едәуір қиындық келтіретін көрінеді. Дегенмен осы бас киімнің арқасында Автар Сингх бүкіл үнді еліне танымал адамға айналған.

Салмағы 130 келі бойжеткен

Салмағы бір атан түйеге жүк боларлық, ал бойы екі метрлік америкалық модель Аманда Суле өзінің осындай ерекшеліктерін еркін пайдаланып, қыруар қаржы тауып жүр. Ол бойшаңдығы арқасында аласа бойлы тұрғындардың тапсырмаларын орындап, ел арасында айрықша сұранысқа ие болуда. Аманда қажет болған жағдайда  кейбір адамдарды арқасына отырғызып алып, қажетті жеріне апарады. Ол әсіресе, адам көп жиналған спорт сайыстары мен байқауларда аласа бойлы адамдарды қос иығына отырғызып, оларға қызмет көрсетеді. Бір таңданарлығы, ол бойының ұзындығы және ауыр салмағымен бірталай байқауларға қатысып, жүзден жүйрік шықты. Бір сөзбен айтқанда, америкалық модель Аманда Сулені ұзын бойы мен ауыр салмағы асырап жүр.

Скейтборд-бала

Алты жастағы бангалорлық бала бүгінде талайларды таң қалдырып, Гинесстің рекордтар кітабына енді. Ол скейтбордты ұршықша «иіреді». Алты жастағы Гаган Сатиш 2014 жылы шілде айында 70 метрлік қашықтықта жүріп бара жатқан 39 автокөліктің арасынан небәрі 29 секундта мүдірмей жүріп өтіп, бұрын-соңды болмаған рекорд жасады. Гаганның мұндай кереметін көрген оның құрбы-құрдастары спортпен айналысуға бет бұрды. Қазіргі күні бангалорлық бала 100-ден астам машинаның арасымен үлкен жылдамдықпен жүріп өтуге дайындалуда.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты

Талқылау