Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ұзын әйел мен ер адамның махаббат хикаясы қалай аяқталды

Анна Бейтс (қыз күніндегі тегі – Барнум) 1846 жылы Жаңа Шотландияда қарапайым отбасында дүниеге келген. Олар отбасында 12 ағайынды болған. Алайда Анна олардың жанында бойымен ерекшеленген. 4 жасында бойы 137 сантиметрге жеткен «алып қыз» нәтижесінде 243 сантиметрге дейін өсіп, салмағы 160 келі болған, деп жазады Stan.kz.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

16 жастағы «алып қыз» туралы шоумен Тейлор Барнум естіген екен. Ол қызды анасымен бірге Нью-Йоркке шақырып, өзінің Америкалық мұражайында өнер көрсетуді ұсынған. Шоумен қызға 1000 доллар жалақы беретінін айтып, оқуына уақыт бөлуге уәде етеді. Ақылды әрі жан-жақты Анна оның ұсынысын қабыл алған. Нәтижесінде ол күйсандықта ойнап, ән айтуды үйренген. Ал ол қатысқан қойылымдарға әлемдегі ең ұзын қызды көру үшін иін тірескен адам келетін болған.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

Алайда бойжеткен бойының ұзын болғаны үшін өмірінен айырыла жаздаған. Бірде мұражай ғимаратында өрт шыққан. Өрт кезінде Аннаны терезеден шығарып алу мүмкін болмапты. Салдарынан оны құтқару үшін қабырғаны бұзуға тура келген. Бұл оқиғадан кейін Аннаға өзіне келу үшін біраз уақыт керек болыпты. Артынша ол гастрольдік сапармен Еуропаға аттанған.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

Бойжеткен осы сапары кезінде өзінің өмірлік махаббаты Мартин Бейтсті кезіктіреді. Мартиннің бойының ұзындығына байланысты, жұрт оны «кентуккилік алып» деп атап кеткен. Бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс істеген ер адам әскерге барып, артынша циркке жұмысқа тұрған.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

Бойы 232 сантиметр болатын Мартин Аннаның көңілінен бірден шыққан. Олардың арасында махаббат оты тұтанып, артынша шаңырақ көтеруді ұйғарады. Жас жұбайлар Лондонда Виктория патшайымның алдында болған. Өз кезегінде патшайым Аннаға алтын сағат тарту етеді.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

Жас жұбайлар Еуропаны аралап, 14 ай бойы бірге өнер көрсеткен. Мұнан кейін Америкаға қайтып келіп, Огайо фермасында биік үй тұрғызады. Алайда мұнан кейін олардың өмірінде қиындықтар пайда болады. Екі рет құрсақ көтерген Аннаның босануы өте қиын өтеді. Себебі екі сәбиі де үлкен болған еді. Нәтижесінде бірінші баласы өлі туылса, екінші сәбиі туылғаннан 12 сағаттан кейін шетінеп кеткен.

Әлемдегі ең ұзын бойжеткен мен жігіттің махаббат хикаясы қалай аяқталды

Әлемдегі ең ұзын жұптың махаббат хикаясы да мұңды аятқалған. 1888 жылы Анна 41 жасында туберкулез дертінен көз жұмады.

Ал Мартин екінші рет отбасын құрып, екінші әйелімен өмірінің соңғы күніне дейін бірге тұрған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау