Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі 11 миллион еуроға көлік сатып алды

"Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 11 миллион евро тұратын Bugatti көлігін сатып алды. Бұл туралы Вести.Ru. басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі 11 миллион еуроға көлік сатып алды

Фото: LaStampa TV

2018 жылдың наурыз айында брендтің La Voiture Noire моделі Женевадаға автосалонда көпшіліктің назарына ұсынылды. Сол кезде-ақ ол әлемдегі ең қымбат көлік деген атты алып, 11 миллион евроға бағаланды. Көлік қозғалтқышының қуаты — 1500 ат күші, ал оның жылдамдығы 420 км/сағатқа жетеді. 

Bugatti мұндай көліктің біреуін ғана шығарды және оның Криштиану Роналдудан басқа иесі жоқ. 

Криштиану Роналду көлігіне тек 2021 жылы міне алады. Сол уақытқа дейін көлікті жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр