Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әлемдегі ең тамаша әке» қызымен бірге мейрамды атап өту үшін 6 әуе билетін сатып алды

АҚШ-та Хэл Воган есімді азамат Рождество мейрамын қызы Пирспен бірге қарсы алу үшін 6 әуе билетін сатып алды. Оның қызы стюардесса болып жұмыс істейді және жұмысы мейрам күніне сәйкес келіпті. Әкесі қызымен бірге екі күн бойы ұшып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz.

«Әлемдегі ең тамаша әке» қызымен бірге мейрамды атап өту үшін 6 әуе билетін сатып алды

Бұл оқиға туралы Майк Леви есімді ер адам Facebook желісінде жазды. Ол ұшақта Хэлдың жанында отырған екен.

«Мен Хэлдың жанында отырып, ләззат алдым. Оның қызы Пирс ұшақта стюардесса болды. Оған Рождествода жұмыс істеуге тура келген. Сондықтан Хэл мейрамды қызымен бірге өткізуді жөн көріпті. Ол қызымен бірге оның әр рейсінде түрлі мемлекетке сапарлайды. Қандай керемет әке!» – деп жазды ол.

Артынша Пристің өзі бұл жазбаны өз парақшасында бөлісті.

«Анашым, қараңыз, біз осылай жасадық. Әкемнің бонустарды қолдану арқылы жасаған алғашқы саясаты сәтті өтті. Түсіністік танытқан қызметкерлерге және өзімнің мінсіз экипажыма алғыс білдіремін», – деп жазды Пирс.

Әкесі мен қызы екі күн бойы бірге ұшқаннан кейін Рождествоны дәстүрлі түрде атап өтуі үшін үйлеріне қайтып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау