Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі «ең сұлу» әйел анықталды

PEOPLE’s World’s Most Beautiful журналы актриса Джулия Робертсті әлемдегі ең сұлу әйел деп таныды.

665@495@ecb5ae5b2c380f7a6197bba7404a28b1-ZTY5MGRhMWIzYw

«Джулия Робертстің People журналының «Әлемнің ең сұлу адамдары» рейтингіне арналған нөміріне алғаш шыққанына ағымдағы жылы 26 жыл болды және ол әлі күнге дейін біздің сүйікті сұлуымыз болып қалуда», – делінген мақалада.

49 жастағы Робертс бұл атақты биыл бесінші рет иеленіп, рекорд орнатып отыр.  Актрисаның өзі бұл фактіні «көңіл қуантарлық мақтау» деп атады. Ол әлемнің ең сұлу әйелі ретінде алғаш рет 1991 жылы 23 жасында атанған болатын. 2016 жылы бұл атақты – актриса Дженнифер Энистон, ал 2015 жылы актриса Сандра Буллок алған еді.

Джулия Робертс – көптеген киножүлделердің иесі, соның ішінде 2001 жылы түсірілген «Эрик Брокович» фильміндегі үздік әйел рөлі үшін «Оскар» алған. Одан бөлек, актриса «Август: Графство Осейдж» фильміндегі «Екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін» «Алтын глобус», BAFTA сыйлығына және «АҚШ киноактерлерінің гильдиясы» жүлдесіне үміткер атанды.

Тағы да оқыңыздар:

Ұсқынсыз қытайлықтың жаңа бет-әлпетін дәрігерлер оның кеудесіне өсіріп жатыр (фото)

Моңғолия астанасының атауын Ұланбатыр деп қазақтың біртуар азаматы қойған

Маймылдар тәрбиелеген маугли-қыздың ата-анасы табылды

Талқылау