Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең шымыр денелі әже 80 жасқа толды (фото)

Әрбір адам өзі таңдаған салаға мойын бұрып, жаңа өмір бастай алады. Бірақ, ол үшін әрине үлкен тәуекел керек. Бұл ретте АҚШ-тағы Балтимор тұрғыны Эрнестина Шепард әжейді айтуға болады.

10192765-3-650-1466077358

10193015-51472e3be32485_78889361-650-1466077358

Ол әлемдегі ең қарт бодибилдер әйел. 80 жасқа толған кейуана әлі күнге марафон мен жарыстарға тұрақты түрде қатысады. Оның көркем шымыр денесіне тіпті 20-дағы жастар да қызығуы мүмкін.

10192815-1-650-1466077358

Эрнестинаның айтуынша, ол өмірінің басым бөлігінде аз қозғалып, физикалық жаттығуларға аса құлықты болмаған. Ол тек өз өмірін ретке келтіруде 56 жасында әпкесімен бірге бастаған.

10192865-ernestine-shepherd-1baa21f8be6651bd324acb95d097a281390afdc8-650-1466077358

Ол екеуі бірге аэробикамен айналысып, түрлі шараларға қатыса бастаған. 2010 жылы ол әлемдегі ең кәрі бодибилдер әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген.

10193065-12-650-1466077358

Рекордшы әйел әр күн сайын таңғы 3-те оянып, жаттығулар жасап, жүгірумен айналысқан. Сағат 8-де жекелеген жаттығулар жасап, кешкі 10-нан кешікпей ұйқыға бас қойған. Оның тамақтану режиміне күріш, тауық еті, грек жаңғағы, жұмыртқа және үлкен көлемде су кіреді.

10192965-2-650-1466077358

Эрнестина кез-келген жаста өмірін өзгертіп, жаңа белес бағындыруға болатынын дәлелдеген жан.

Талқылау