Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең күшті бала арманын айтты

Әлем жұртшылығы Жамбулат Хатохов есімді кабарды баласының есімін ең алғаш рет 2003 жылы естіді. Сол кезде жасы 3-ке енді толған алып ұлдың салмағы 17 кило тартыпты. Ал тағы төрт жылдан кейін орта мектептің бірінші сыныбы табалдырығынан аттаған оның салмағы 115 килоға бір-ақ жетіпті.

hep10

Сурет molomo.ru

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Сол Жамбулат қазір 16-ға толып, жасөспірімдік кезеңге келген. Оның қазіргі салмағы 226 килодан асады. Бір айтарлығы, бозбала кішкене күнінде де, бүгіндері де тамақсаулықпен ешбір көзге түспеген, өзі қатарлы балалардың тәбетіндей мөлшерде ауқат ішіп жүрген, салмағы қаншалықты көп болғанына қарамастан, дене қимылын жасауда әбжілдік пен ептілік көрсете біледі, алуан түрлі спорттық ойындар ойнағанды жақсы көреді.

Баланың анасы Жамбика ұлының бұлайша алып болып тууына тұқым қуалаушылық себеп екенін айтады. Оның «Богатырь» деген лақап аты бар атасы зор тұлғалы кісі болыпты. Кезінде дәрігерлер Жамбулатты тамақтан қатты қысып, диетаға отырғызып қоюға да кеңес берген екен. Бірақ бала бірден қатты арықтап кетуге келіспеген, өзіндей балалардың жегенін жеп жүре бергенді қалаған. Сосын оның осы уәжіне бәрі тоқтаған.

Жасы 16-ға келгенге дейін «әлемдегі ең күшті бала» бірнеше телешоуға көрік беріп, деректі фильмдерге түсіп үлгеріпті. Соның ішінде Жапония мен Ұлыбританиядан келген журналистердің шақырулары бойынша хабарларға қатысқан. Осылай алып болып туған Жамбулат енді сумо күресінің шебері атанып, Олимпиялық ойындардың медалін жеңіп алуды армандап жүрген көрінеді.

Талқылау