Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қымбат автокөлік сатылымға шығарылды

Әлемдегі ең қымбат Ferrari автокөлігі 45 миллион фунтқа сатылымға шығарылды.

c6fbcbef009853062492fdbec966f0ab__1440x

Ferrari 250 GTO. Фото: © Ferrari

Екі есікті Ferrari 250 GTO берлинетта автокөлігі әлемдегі ең бағалы темір тұлпарлардың қатарына жатады.

Британдық ретро-автокөліктер дилері Talacrest Ferrari автокөлігінің 250 GTO моделін сатылымға шығарды. 1962 жылы шығарылған көлік әлем бойынша ең қымбат бағаға ұсынылып рекорд орнатты. Темір тұлпар 45 млн ағылшын фунтына бағаланып отыр, деп хабарлады британдық The Telegraph басылымы.

4afa8f77d20527eb27355b5f7dd1ef1f__980x

Лот сипаттамасында спорттық көліктің түрлі жарыстарда топ жарғаны туралы жазылған. Шыдамдылықты тексеретін «Себрингте 12 сағат», одан кейін бір жылдан кейін автокөлік 24-сағаттық Ле-Мана марафонына қатысқан. Өткен ғасырдың ортасында шыққан автокөлік V12 моторымен жасақталған. Ол 300 жылқының күшімен теңестіріледі. Қос есікті берлинетта небәрі 6 секундтың ішінде жылдамдығын жүзге дейін жеткізе алады.

d47772ce16f0dfe6bf30cec3abc640e3__980x

Бұған дейін әлемдегі «ең қымбат автокөлік» мәртебесі Ferrari 250 GTO моделінің басқа нұсқасына тиесілі болған. Испандық автокөлік жинақтаушы 2013 жылы аталмыш автокөлікті белгісіз сатып алушыға 52 млн долларға сатқан болатын. Мәшінені Ferrari компаниясының иесі Энцо Феррари арнайы Group 3 санатындағы жарысқа дайындаған. Жалпы 1962 мен 1964 жылдар аралығында барлығы 39 спорттық автокөлік шығарылған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі ең қымбат көйлек аукционда сатылады (видео)

Әлемдегі ең қымбат әуе билеті саудаға шығарылды

Қытай ішімдігі әлемдегі ең қымбат алкогольді бренд деп танылды

Тоқтамай сүйіскен алматылық ғашықтар әлемдегі ең қымбат шоколадқа ие болды

Талқылау