Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең табысты актердің есімі белгілі болды

Forbes журналының мәліметінше, Скала лақап атымен танымал актер Дуэйн Джонсон әлемдегі ең қымбат актер деп танылды. Оның биылғы табысы 64,5 миллион долларды құрап отыр.

Fast And Furious 6
Фото: filmz.ru

Бұл туралы lenta.ru жазған.

Бұл оның өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп. Джонсон табысының көп бөлігін «Полтора шпиона» және «Форсаж 8» фильмдерінен (2017 жылы жарыққа шығатын) тапқан.

Екінші орын Қытай және Гонконг фильмдерінен мол табысқа кенелген Джеки Чанға бұйырып отыр. Ол бір жылда 61 миллион долларға қол жеткізген. Үздік үштікке 55 миллион долларлық табыспен Мэтт Деймон кірді. Мұндай табысқа актерді «Марсианин» және жарыққа енді шығатын «Великая стена» туындыларындағы рөлі жеткізген.

Ең қымбат он актердің қатарына Том Круз (53 миллион доллар), Джонни Депп (48 миллион), Бен Аффлек (43 миллион), Вин Дизель (35 миллион), Шахрух Хан (33 миллион), Роберт Дауни-кіші (33 миллион) және Акшай Кумар (31,5 миллион) енген.

23 тамызда Forbes ең қымбат актрисалардың ізімін жариялады. Көш басында бір жылда 46 миллион доллар табыс тапқан актриса Дженнифер Лоуренс тұр. Ал үздік үштікке Мелисса Маккарти (33 миллион) мен Скарлетт Йоханссон (25 миллион) кіріп отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Джони Депп ең қымбат актер атағын ақтай алмаған тізімде көш бастап тұр

Джоли мен Клуни ең әдемі қартайып жатқан жұлдыздар тізіміне кірді

Джонни Депп еңбегі шектен тыс жоғары бағаланған актер атанды

Талқылау