Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең көне өркениет белгілі болды

Үндістанның геофизиктері мен археологтары Үнді өркениеті әлемдегі ең көне өркениет болуы мүмкін деген куәліктер ұсынды. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланған.

large-preview-attachment-005

Сурет belrynokby.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Ғалымдардың жаңа жұмысына сәйкес, Үнді өркениеті бұрын есептелгендей, 5,5 мың жыл уақыт бұрын емес, одан 2,5 жыл ерте пайда болған. Мамандардың тұжырымдары расталған жағдайда, бұл оны Месопотамия және Көне Мысырдың жоғары дамыған мемлекеттерінен де көне етеді.

Ғалымдар Үнді өркениетінің жасын Үндістанның Фатехабад округінен табылған сол өркениеттегі жасанды заттарды (күйіктас үлгілері мен екі археологиялық қабат жануарлары сүйектері) радиокөміртекті және оптикалық мерзімдеуден кейін жаңарта алды. Мамандар өз мәліметтерін қайта тексермек.

Үнді (Харапп) өркениеті Инд өзенінің аңғарында тіршілік еткен. Оның қалаларында кәріз бен қоғамдық дәретханалар, ал кенттерінде – жер суландыратын жүйелер болды. Үнді өркениеті біздің дәуірімізге дейінгі XVII ғасырға қарай құлдыраған. Оның себептердің бірі ретінде қазіргі ирандықтар мен үнділіктер ата-бабаларының бұл өлкеге басып кіруі аталады.

Талқылау