Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең кішкентай компьютер: Оның көлемі қандай және не үшін қажет?

Американың Мичиган университеті жұртшылыққа көлемі 0,3 миллиметр болатын әлемдегі ең кіші компьютерді көрсетті.

Әлемдегі ең кішкентай компьютер: Ол қалай көрінеді және не үшін қажет

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Daily Mail мәліметі бойынша, бұл компьютер бір түйір күріштен де кішкентай.

“Біз бұл құрылғыны компьютер деп атауға бола ма жоқ па, білмейміз. Ең бастысы онда талап етілетін ең аз деген функция бар ма, сол маңызды”,- деді жаңа жүйенің дамуына жетекшілік еткен электронды және компьютерлік техниканың профессоры Дэвид Блау.

Зерттеушілер өнертабысты қатерлі ісік ауруларын емдеуде қолданатын болады деп үміттенеді, себебі ісіктердің температурасы сау клеткаларға қарағанда жоғары болуы мүмкін.

«Ісік пен сау жасушалардың арасындағы температура айырмашылығын анықтау үшін температура датчигін қолдануға болады. Осылайша, жүргізілген терапияның сәтті немесе сәтсіз болғаны туралы анықтай аламыз», – дейді Блау.

Компьютер ең кіші жерлердегі температураны өлшеп, 0.1 градус дәлдікпен есептей алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау