Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті қылмыскер: Бұрынғы дәрігер 90 адам өлтірді деп күдіктелуде

АҚШ-та 72 жастағы ер адам 90 ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Ол кей қылмысты 40 жыл бұрын жасаған.

2014 жылы оны алғаш рет соттады. Үш өмірлік жаза тағайындады. Тергеу кезінде қылмыскер тағы бірнеше адамның өз қолынан құрбан болғанын айтты.

Сэмуэл Литтл 50 жыл бойы 24 штатта қылмыс жасаған. Бұрынғы медицина қызметкері ұрлық, тонау, есірткі сатумен айналысқаны үшін 10 жылға сотталды. Полицейлер оны әлі 90 адам өліміне қатысы бар деп күдік келтірді.

2014 жылы 1980 жылы үш әйелді өлтіргені үшін сотталды. Тергеу кезінде күдікті өзінің бар қылмысын жайып салды. Жауап алу кезінде күдіктінің 30 қылмысқа қатысы барын анықталды. Оның көбі 40 жыл бұрын жасалған.

Литтл ең алғаш рет 1976 жылы әйелге шабуылдаған. Есірткі шеккен әйелді ұрып, зорлап кеткен. Алайда қылмысы ашылған жоқ.

“Оның айтқаны біздегі бар ақпаратпен сәйкес келеді. Кей деректерді қылмыскердің өзі ғана біледі. Егер қылмыстың бәрін Литтл жасағанын дәлелдесек, ол әлемдегі ең қауіпті адам өлтіргіштер қатарына кіреді”, – дейді полицейлер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау