Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті 11 мамандық белгілі болды

Егер өз жұмысыңызға көңіліңіз толмаса, төменде аталған мамандықтар ойыңызды түбегейлі өзгертеді.

Бұл мамандықтар ерекше, адамды еліктіретін әрі көп жалақы төленетін жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды ортақтастыратын – қауіптілік.

Жылан сауушы

Жылан сауушылар жыланның уын алумен шұғылданады. Жылан уы көптеген заттардың құрамында қолданылады. Бірақ медицина саласындағы маңызы орасан.

Аталған жұмыста қауіпсіздік шаралары қолданылғанымен, әр сауу процесі өте қауіпті болып табылады.

Құрылысшы

Құрылысшылар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар қолданғанымен, бұл жұмыста өмірге қауіпті құралдар, ауыр заттар жетерлік. Сонымен қатар биікте жұмыс істеудің өзі айтарлықтай қауіпті.

Жеткізуші

Қызық, бірақ көптеген елде жеткізуші қызметі өте қауіпті саналады. Мас адамдардың немесе ашулы адамның үйіне пицца жеткізуге барсаңыз, не болатынын ойлаңызшы. Сонымен қатар жеткізушілерді жиі тонап кетеді екен.

Родео-шабандоз

Бұл жұмыс 90-жылдардың соңында танымал бола бастады. 8 секундқа созылатын қойылым үшін қыруар ақша төленетін еді. Алайда төленетін ақшадан гөрі, қойылым барысында алатын жарақаттар әлдеқайда маңызды екенін айта кеткен жөн. Көрсеткіш бойынша, родео-шабандоз әр 15 қойылымның біреуінде жарақат алады екен.

Тауға жолбастаушы

Көптеген адам биік таудың шыңына шығуды армандайды. Кейбірі арманын орындау үшін, тауға апаратын жолбасшы мамандығын таңдайды екен. Олардың жұмысы тек жол көрсетумен шектелмейді. Жолбасшылар ауыр жүкті көтеріп, қауіпті жолдарды анықтап, өзге адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Микрочиптерді өндіруші

Компьютерге арналған чиптерді өндіру үшін түрлі қауіпті химиялық заттар қолданылады. Олардың қатарында сынап та бар. Микрочиптер өндірісі адам өліміне алып келмесе де, салдарынан әйел қызметкерлер түсік тастайды немесе сәбиі денсаулығында кінәратпен туылады екен. Сонымен қатар қызметкерлер тыныс жолдары ауруларына немесе қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін.

Әсери тілші

Өмірдегі шындықта сол қалпында жеткізудің маңызы зор. Алайда бұл қызмет адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Сонымен қатар әлем бойынша тілшілерді ұрлап кететін, азаптап немесе өлтіретін жағдайлар да аз емес. Ал соғыс аумағында болсаңыз, ол жерде тілші емес, дұшпан ретінде қабылданасыз.

Мұнай платформасында жұмыс істеу

Бұрғылаушылар әлемдегі ең жеңіл тұтанғыш заттармен жұмыс істейді. Кейде оларға қатарынан 16 сағат, тәулік бойы немесе  2 күн жұмыс істеуге тура келеді. Бұрғылаушылар арасында өрт, жарылыс немесе батып кету салдарынан көз жұму кең таралған.

Қолтырауынды үйретуші

Бұл мамандық сізді қолтырауынға жем болуға әкелуі мүмкін. Қолтырауынды үйретуші өз өмірін тәуекел етіп, дене мүшелерін қолтырауын аузына тығып, құйрығымен ойнап, басқа да миға сыйымсыз әрекеттерге барады.

Ағаш кесуші

Ағаш кесуші әлемдені ең қауіпті мамандықтардың бірі саналады. Себебі өзге мамандықтарға қарағанда, аталған сала жұмысшылары арасындағы өлім 20 есе жоғары екен. Күн сайын ауыр техникалармен жұмыс істейтін мамандар көбіне құрылғы істен шыққандықтан немесе ағаш астында қалғандықтан көз жұмады екен.

Балықшы

Балық аулау да оңай іс емес көрінеді. Балық аулаушы – әлемдегі қауіпті мамандықтардың бірі. Оған ауа райындағы өзгерістер себеп болады. Барлық мамандық ішінде мамандары ең көп өлімге душар болатын балықшылар болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Франциялық қыз қуыршаққа ұқсау үшін 45 мың доллар жұмсаған (фото)

Құлағымен су ішіп, сыбызғыда ойнайтын қытайлық желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Талқылау