Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең кәрі отбасы ұзақ өмір сүрулерінің құпиясымен бөлісті

Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген отбасы – Солтүстік Ирландиядағы Донеллилер отбасы болды. Олардың жиынтық жас мөлшері – 1073 жылды құраған.

256eaea1-afbe-4ca4-96ab-ecf0e8e4250a (1)

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Осындай ерекше көрсеткіштің арқасында олар Гиннестің рекордтар кітабына да кіріп отыр.

Отбасындағы ең үлкен ағаларының жасы 93-те, ал кішісі – 72 жаста. Олар өздерінің ұзақ өмір сүруінің құпиясымен де бөлісті. Айтуларынша ең үлкен ағалары ұйықтар алдында жылы сұлы жармасының ботқасын жеуге үйреткен екен.

“Жарма ботқасын кешкі сағат 10-да және таңғы 7-де жейтінбіз. Сұлы, сүт және аздаған алма жемісі”, – дейді отбасының кішісі Джо.

Сонымен қатар, отбасы мүшелері өмір бойы өздерінің бақшаларында өскен табиғи өнімдерді, жеміс пен көкөністерді, үй жұмыртқасын тұтынып келген. Тіпті нанды да өздері пісіреді.

Оқи отырыңыз:

Қытайлық полицейлер ұялы телефонында Құран мәтіні болғаны үшін қазақ қызын тұтқындады

Қалаған киімімді киемін: Ыстанбұлда әйелдер киімге шектеу қоюға қарсы шықты

Мойнын алып жылан орап алған әйел одан қалай құтқарылғанын айтты

Қытайда азамат өз ата-анасын, одан кейін 17 куәгерді өлтірген

Талқылау