Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең кәрі адам 113 жасқа толған туған күнін атап өтті

Испаниялық Франциско Нуньес Оливера 113 жасқа толған туған күнін атап өтіп, әлемдегі ең кәрі адам атанды.

Бұл туралы Комментарии.ua хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, ер адамның 4 баласы, 9 немересі және 15 шөбересі бар екен.

Қария туған күнін қарапайым жағдайда атап өтті. Мерекелік дастарханға қарияның ұнататын және жиі тұтынатын тағамдары қойылыпты.

«Бір қызығы, Оливера 113 жыл өмірінде бір рет қана медициналық көмекке жүгінген екен. Ол бірнеше жыл бұрын көзіне ота жасатыпты. Туысттарының сөзінше, Франциско Нуньес Оливера егде жастағы адамдарда кездесетін сырқат түрлерінен зардап шекпейді екен», – деп жазылған хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Үндістанда 15 жастағы бозбала ағасының 25 жастағы жесіріне үйленуге мәжбүр болды

Бойжеткен сүйіктісін суицидтен құтқарамын деп өзі ажал құшты

30 жастағы мұсылман азаматы екі жыл ішінде 26 мың әйелге көмек көрсеткен

Талқылау