Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамды сыртқы келбеті үшін сынап тастады

The Outline журналының авторы « New York Times» басылымында жарық көрген мақалаға шүйлігіп, әлемдегі ең бай кәсіпкер Джефф Безостың стилі “көрнекті” деп жазғандарды сынап тастады. Оның сөзінше, Джефф Безостың стилі адам қарап, қызығатындай емес, деп жазады Stan.kz.

Әлемдегі ең бай адамды сыртқы келбеті үшін сынап тастады

Ал, оның әріптестері бұны растау үшін тарихтағы ең бай бизнесменнің стилінің стандарттарға сәйкес келмейтінін көрсететін суреттерді жарялады.

Журналисті Mashable басылымынындағы әріптестері де қолдады. Олар ең бай кәсіпкердің әлеуметтік желілердегі суреттерін немесе халық алдына шыққанда киген киімдерін елдің есіне түсірді. Атап айтқанда, Mashable-тің авторы Безостың көрермендердің алдына аңшылар киетін сұр шортикпен және ұсқынсыз аяқ киіммен шыққанын да айтып, оның стилін сынап тастады.

Әлемдегі ең бай адамды сыртқы келбеті үшін сынап тастады

«Бұл тамаша аяқ киімді немесе жөндеу жұмыстарына киетін футболкаңызды тығып қойыңыз», – деп кеңес берді журналист.

Әлемдегі ең бай адамды сыртқы келбеті үшін сынап тастады

Сондай-ақ, миллиардерді киімі үшін сынағандар Безостың үстіндегі жүннен тоқылған жемпір туралы да жазып, ол оның талғамының жоқ екенін растайтын дәлел дейді. Автор осындай мысалдар келтіре отырып,  Безос  «стильді» адам мәртебесінен алдеқайда алыс деген тұжырымға келді.

Талқылау