Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамдар фастфуд сатып көпшіліктің көзіне түсіп қалды (видео)

Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс пен инвестор Уоррен Баффет Омахадағы Dairy Quee кафесінде іс-тәжірибеден өтті. Оларды тұрғындар байқап қалды. 

bailar

Миллиардерлер осышайла Berkshire Hathaway холдингінде өткен жиыннан кейін көңіл көтермек болды. Бұл кафе осы холдинг иелігінде. Олар кассада тұрып, тапсырыс қабылдап, келушілерді қарсы алып, тағамдар сатты. 

Кафе қызметкерінің айтуынша, миллиардерлер жап-жақсы жұмыс атқарған. 

"Билл кассада жақсы жұмыс істеді, Уоррен де міндетін жақсы атқарды. Бірақ мен оларды жұмысқа алмас едім", - дейді ол.

Ауысым басталмай тұрып тәжірибеден өтушілер бейджиктерін шатастрып алды. Сонымен қатар балмұздақты дұрыс құя алмады. Билл көп құйып, Баффет аз құйып қойды. 

Тапсырыс берушінің көз алдында құйып беретін балмұздақты екеуі де құлатып алды. Осындай қателіктерден соң Баффет тапсырыс берушілерге ақысын өз қалтасынан төлеуді ұсынды немесе келесі балмұздақты тегін берді. 

Талқылау