Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ауыр авиажолаушылар – америкалықтар

APEX мамандары жаңа бірегей зерттеу жүргізді. Оған 3 400 адам қатысты. Зерттеу нәтижесінде күллі ғаламшар бойынша ең ауыр авиа жолаушылар АҚШ азаматтары деп танылды. transaero-hongkong-39

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Статистика көрсеткендей, ел бойынша да, әлем бойынша да ұшақпен жүретін Солтүстік Американың әр төртінші тұрғынының салмағы 91 келіден асады, бұл ретте Азиядан келетін туристердің 71 пайызының салмағы 68 келіден аспайды. Бұдан басқа зерттеуде сол толықша келген жолаушылар авиакомпания жұмысына риза бола қоймайтыны байқалды. Көбінесе олар аяқ қоятын орынның тарлығына, жолаушылар арасындағы қашықтық тым жақындығына, орындықтың шағындығына шағымданады. Ұшаққа мінетін он адамның алтауы аяғын қоюға қосымша кеңістік алу үшін он доллардай үстеме ақы төлеуге әзір. Шолу соңғы ұшырылым кезінде шамамен отыз үш пайыз жолаушының Желіге қолжетімділігі болғанын анықтады. Сондай-ақ бизнес-сыныппен саяхаттайтын адамдар эконом-сынып адамдарына қарағанда, басқа жолаушылармен көбірек  араласатыны анықталған.
Талқылау