Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең алып бөкселі әйел эротикалық онлайн-видео таратып табыс таба бастады

Семіздіктен зардап шеккен Америкадағы Пенсильвания штатының тұрғыны бір ай ішінде екі мың доллар табыс табудың сырын меңгерген. Ол толық әйелдердің табынушылары үшін ақылы онлайн-трансляция жүргізуді бастап кетіпті.

кпкпп

Сурет mamacruzz.blogspot.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

43 жастағы Бобби-Джо Уэстлидің салмағы 220 келі. Бес баланың анасы өзін камераға түсіруді үш жыл бұрын бастаған. Осының арқасында күн сайын оған 50-ден еркектен астам хабарлама келіп түседі екен. Олардың барлығы әйелдің жалаңаш күйдегі суреті немесе бейнежазбасын жіберуді сұрайды екен. Әйелдің айтуынша, бұл бастама оған тек ақша ғана емес, сенімділік те сыйлапты.

Уэстли әлемдегі ең үлкен бөксенің иесі де болып саналады. Бөксесінің жалпы көлемі 2,3 метр екен.

“Мен өзіңнің жалаңаш тәніңді әлемге әйгілеуден ұялудың қажеті жоқ деп санаймын. Толық денем мен үлкен бөкселерім маған танымалдылық әкелді”, – дейді ол.

Талқылау