Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үздік әуежай

Сингапурдегі Чанги әуежайы жыл сайын әлемдегі ең үздік әуежай премиясының жеңімпазы атанады. 2015 жылы да The World’s көрсеткіші бойынша SkyTrax  компаниясының ең үздік 100 әуежайы қатарына және Tech Insider нұсқасы бойынша 10 үздік инновациялық әуежай қатарына енді.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Чанги әуежайында өзіндік бассейні, өсімдіктер бағы, көңіл көтеруге арналған кинотеатр мен ойын-сауықтық кешені бар.

Мәселен, өзге әуежайларда бір шыныаяқ кофе үшін Starbucks не басқа кофеханаларды таңдауға тура келеді. Ал, мұнда өзге әуежайдардан ерекшелігі сол, кішігірім мәселелердің өзі ойластырылып жасалған.

2

Ұшу алдында немесе ұшу уақыты кешіктірілген жағдайда демалу үшін арнайы демалыс бөлмелері бар. Бұл 49 доллар (20 мың теңге) тұрады.

3

Бөлмелерде төсектен бөлек, телевизор мен тоқ нүктелері бар.

4

5

Сондай-ақ, бөлме құнының ішіне тағам да кіреді.

Безымянный

Дәретхана ішінде унитаз, душ, қол жуғыш және фен бар.

6

Мына бөлмелер әуежайдың The Haven демалыс аймағында орналасқан. Бөлменың бағасы сағатына байланысты төленеді. Мәселен, екі сағат үшін 25 доллар (9000 теңге) төлеу керек.

7

Онда креслоға отыруыңызға болады. Бөлме ақшасының есебіне сусындар кіреді.

Әуежай басшылығы үнемі келушілердің көңілін көтеріп отыруға тырысады. Мәселен, әуежайда бірнеше уақыт бойы Мәскеу мен Ресей туризмінің құрметіне арналған жабық сырғанақ қойылған болатын.

Сондай-ақ, мұнда арт-объектіле бар. Жаңбыр тамшыларын түрінде 1216 қола элементтері бар Kinetic Rain инсталяциясы орнатылған.

8

2012 жылы әуежайдың тапсырысымен Курт Веннер (Kurt Wenner) есімді суретші еденді 3д форматындағы перспективалық көрініске айналдырған.

9

Бақта орхидея өсімдігінің 30 түрі өсірілген.

10

Әуежай қабырғаларында 1000-ға жуық тропикалық көбелектер өмір сүреді.

11

2015 жылдың қараша айында All Nippon Airways компаниясы Чнги әуежайыда медиа-тур  Boeing 787 ұшағының ашылуына байланысты медиа-тур ұйымдастырған болатын.

13

Ол кезде актерлар империялық ұшақ шабуылшылары болып, X-Wing жойғышының шынайы бейнесін көрсетті.

14

Жаңа жылдық мерекелерге орай Чанги әуежайында қысқы ойындарға арналаған  жәрмеңке өтіп тұрады.

Талқылау