Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен есіз қалған вокзал (фото)

Салынып жатқан кезде Мичиганның орталық вокзалы (Michigan Central Station) әлемдегі ең үлкен темір жол вокзалы болатын.

Ол 1913 жылы Michigan Central Railroad компаниясына арнап салынған. Бекетті Нью-Йорктың Орталық вокзалының жобасын жасаған  Warren & Wetmore и Reed & Stem фирмалары жобалаған екен. Мичиган орталық вокзалының құрылыс жұмыстары 1988 жылы аяқталып, келушілер үшін 1990-шы жылдары ашық болды. Вандализмның кесірінен жабылып қалды. Қазір онда арнайы күзет қойылған.

Тіпті қазірдің өзінде, кейбір жерлерінің құлап-қирағанына қарамастан, бұл ғимарат әлі күнге ғажайып архитектрунаңы үлгісі болып келеді. Ал Majestic ғимараты болса – нағыз архитектуралық ескерткіш дерсіз. Осы жерде Эминем өзінің  Beautiful әніне бейнебаян түсірген.

Бұл ғимарат архитектураның озық үлгісі. Ғимаратқа Рузвельт бағы арқылы кіреді.

Ғимараттың архитектуралық ерекшелігі оның  интерьерінде емес, оның үстіне тұрғызылған мұнарасында. Алғашқы кезде мұнда қонақүй болады деген қауесет болған, алайда, онда түрлі офистер орналасты.

Жұртшылыққа кеңінен таныс бұл ғимарат жер бетінен сүрілуі мүмкін. бір жыл бұрын Детройт қалалық кеңесі баяғыдан бері қаңырап, бос қалған вокзалды сүру керек деп шешкен болатын.  бұл шешімді жүзеге асыуға ешкім асыққан жоқ. Себебі, ол сонау 1975 жылы тарихи ескерткіш ретінде қорғауға алынған болатын. Бірақ күні бүгінге дейін осыншама алып ғимаратты қалай пайдаға асыруға болатыны туралы ешбір жоба жоқ.

 

Бірінші қабаттағы күту залы ежелгі римдік күмбездердің стилімен салынған, ал қабырғалары мрамордан жасалған.

Негізгі есік. 1930 ж.

Вокзалға жалғаса салынған 8 қабатты алып үй темір жол қызметкерлеріне арналған кеңсе немесе қонақ үй ретінде қолданылуы керек еді. Бірақ сол бойы қонақ үй де ашылмады, Ал теміржолшыларға осыншама алып ғимараттың қажеті де жоқ болып шықты. Ақыр аяғы ең жоғарғы қабаттарда ешкім де тұрақтамады.

Жобалаушыларды да кіналай алмайсың. Жақында АҚШ-тың ең басты көлігі астомобиль болып кетерін олар қайдан білсін?  Алайда онда неге вокзал маңына көлік қоятын жер асты тұрақтарын көптеп салды екен деген тағы бір сұрақ туындайды.

Бірақ автомобиль негізгі көлік түріне, ал Детройт  америкалық жеңіл көлік өнеркәсібінің астанасына айналды.  1920 жылдардың өзінде көлік тұрақтарының жетіспеуі үлкен мәселеге айналды.

 

Жалпысында, жолаушылар вокзалға жергілікті пойыздармен немесе трамваймен келу керек болған. Алайда Детройттың ішкі темір жол желісі 1930 жылдары жұмысын тоқтатты, ал Michigan Central-ға апаратын трамвай желісі 1938 жылы демонтаждалды.

Батыс жақтан шығатын басты күту залы. Бекеттің құлдырай бастауы осы негізгі күту залы мен саябақ арқылы кіретін есігі келушілердің аздығына байланысты жабылған кезден басталды.  Артынша дүкен мен мейрамхана жабылды. Сөйтіп ғимараттың сәні кете бастады.

1967 жылға қарай негізгі күту залы біржола жабылып, қойма ретінде ғана пайдаланыла бастады. Сондай тамаша орындықтар тек тауар сақтау үшін пайдаланылды дегенді тіпті, елестетудің өзі қиын.  Бекет негізгі кіру есігінсіз, мейрамханасыз жұмыс істеп тұрды, бірақ вокзал әбден тұралай батады.

Шығысқа қарай шығатын күту залы. 90-шы жылдары бекет әлі ашық еді. Сондықтан бекет талан-таражға түсе бастады. Гипстен жасалған, басқа да әдемі  бөлшектер қолды болып кетті.

1913 жылғы күту залы. Бұл жаңа бекеттің ең әдемі жері болған.

1957 жылы ғимарат иелері оны бар-жоғы 5 миллион долларға сатуға қойды. Сатып алушы шықпады. 1963 жылы тағы бір рет сатылымға шығарғанмен, нәтиже болмады.  1967 жылы шығын көлемін азайту үшін мейрамханаларды, сауда орындарын жауып, бір бөлігін мүлде жауып тастады. Бұрынғы ғажап ғимараттан тек екі касса ғана қалды. Жолаушылар қызметкерлдерге арналған есіктен кіріп шығатын болып, негізгі есік жабылды.

Әр кездерде Michigan Central-ды әртүрлі мақсаттарда қолданып көрді — біресе кедендік терминал ретінде, біресе конгрес-орталық ретінде, тіпті Детройт полициясының штаб-пәтері ретінде де пайдаланылған кездері болды.

Бірақ ең бастысы ғимараттың сыртқы келбетін жақсарту керек болатын. Ал бұл дегеніңіз  80 миллионов доллар қаржы керек деген сөз. Кейін тіпті 300 млн доллар қажет болды. Вокзал ескерткіш деп танылды, алайда оны ешкім де күзетпеді.



Талқылау