Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде тұңғыш рет әйнек мешіт салынбақ (фото)

Австралияның Ньюпорте қаласында көп ұзамай әлемдегі ең таңғажайып мешіттің құрылысы қолға алынбақшы. Оның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол әйнектен салынады.

215815-INNERRESIZED600-600-IMG-20160319-WA00161

Іште намаз оқып жатқандар сырттағыларға көрініп тұратын болады. Бұл мешіттің есігі келесі жылы жамағатына айқара ашып қалуы мүмкін. Аталмыш жоба сәулетшісі Гленн Мёркат неліктен мұндай өзгеше мешіт салуға аңсары ауғанын былай түсіндіріп берді: “Мен Таяу Шығыстың дәстүрлі үлгісін қайталағым келмеді. Оның үстіне, осы заманғы адамдар еркіндікті, ашықтықты қалайтынын ескердім”.

215816-INNERRESIZED600-600-newport_mosque1

Айта кетейік, бұл жобаға егде жастағы мұсылмандар екіұдай пікір білдіріп, құптай қойған жоқ, Алайда, жастар қызу қолдау білдірді. Бұл мешіт жергілікті мұсылман жамағатының қаражаты есебінен салынады. Мешіт аумағында, сондай-ақ, кітапхана мен мейрамхана болады.

215817-INNERRESIZED600-600-Newport-Mosque-Artists-Rendition

Жіберіп алмаңыз:

Әлем тамсанған әсем мешіттің архитектурасын әйел адам жасаған (фото)

Талқылау