Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде тағы бір “Ислам мемлекеті” пайда болды

Африка құрлығындағы мемлекет бұған дейін Ауғанстан, Иран, Пәкстан және Мавритания секілді басқару жүйесінің ислам шариғаттарымен байланысы бар және атауына «ислам республикасы» деген анықтама қосылған елдер қатарына кірді.

81c37fa7-a045-49c4-ba36-2110d379db92

Гамбия президенті өз елін «ислам республикасы» деп жариялады.Осылайша Африка құрлығындағы мемлекет бұған дейін Ауғанстан, Иран, Пәкстан және Мавритания секілді басқару жүйесінің ислам шариғаттарымен байланысы бар және атауына «ислам республикасы» деген анықтама қосылған елдер қатарына кірді. Бұлардан бөлек, мұндай белгі Комор аралдарында да бар. Президент Яйя Джамме биліктің бұл қадамға елдегі азаматтар құқығын қорғауды жақсарту мақсатында барып жатқанын айтты. Ал 1,7 миллион халқы бар Гамбия мемлекетінде тұрғындардың 90 пайызы мұсылман дінін ұстанады.

Қазір әлем халқының 22,74 пайызын мұсылмандар құрайды. Сан жағынан ол 1,77 млрд. адамды қамтиды. Олар планетаның 120-дан астам мемлекетінде тұрады. Соның ішінде 35 мемлекет тұрғындарының басым бөлігі мұсылмандар болып келеді. Сол сияқты 28 мемлекетте ислам мемлекеттік дін болып табылады.

Талқылау