Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде семіздікпен күресу ешқандай нәтиже алып келер емес

Мамандардың зерттеуінше соңғы 40 жылда (1975 – 2014) артық салмақтан зардап шегетін адамдардың саны 105 миллионнан 641 миллионға дейін өскен. Бұл ретте еркектердің үлесі үш есеге, әйелдер екі есеге дейін артқан. Планетадағы семіздіктен қиналған адамдардың саны салмағы аз адамдар санынан да асып түскен.

цуке

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Егер, осы жағдай сақталатын болса онда 2025 жылы семіздіктен зардап шегетін ер адамдар 18 пайыз, ал әйелдер 21 пайыз болуы мүмкін.

Семіз адамдар ең көп шоғырланған бұл Қытай елі екен. Бұл мемлекетте толық адамдар саны ерлер арасында 43,2 миллион, әйелдер 46,4 миллион. Ал екінші орында АҚШ тұр. Ғалымдар бұл мәселені медициналық жолмен немесе велосипед жолдарын салу арқылы шешу тым аздық етеді дейді. Бұл ретте олар билікке азық-түлік бағасын бақылауға алып, семіздікке соқтыратын өнімдердің орынын денсаулыққа пайдалы өнімдермен алмастыруы керек деп есептейді.

Ал Ұлыбритания билігі қантқа салатын салықты көбейтпек. Олар осы арқылы газды сусындардың қолжетімділігін азайтпақ. Британияда әрбір бесінші бала семіздіктен зардап шегеді. Бұл ретте олар қант көп қосылған тәтті сусындардың басты тұтынушылары екені белгілі. Әйтсе де ел тұрғындары, билік өнімдерге салықты күшейту арқылы бұл проблеманы шеше алмайды деген пікірде.

Безымянный

Былтырғы жылы дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында 2030 жылы Ұлыбританияда осындай проблеманы бастан кешетін 75 пайыз ер адам, 60 пайыз әйелдер көрсеткіші туындайтыны айтылған.

Талқылау