Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде қарулы қақтығыстан қаза тапқандар саны соңғы 25 жылда рекордтық деңгейге жетті

Былтырғы жылы әлем бойынша қарулы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

нек

Сурет eurasian-defence.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ал босқындар саны екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі деңгейге бір-ақ көтерілген.

Мұндай жайсыз статистиканың пайда болуы бірінші кезекте Таяу Шығыстағы дау-дамайға байланысты дейді зерттеушілер. Әлемдегі өмір сүруге ең қауіпті ел ретінде Сирия аталған, одан кейін Оңтүстік Судан, Ирак, Ауғанстан және Сомали мемлекеттері тұр.

Global Peace Index зерттеуі бойынша шабуылдардың көбі бес елге: Сирия, Ирак, Нигерия, Ауғанстан және Пәкістанға жасалыпты. Европа құрлығы әлемдегі ең тыныш аймақ ретінде қалуда. Алайда мамандар соңғы бес жылда европа елдеріндегі террорлық шабуылдар саны жылдам өскен.

Рейтингті жасар кезде мамандар күш көрсету деңгейі, елдегі қылмыс, көрші елдермен қарым-қатынасы және әскери шығындарын есепке алған.

Талқылау