Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде ең алғашқы 1000 ядролық процессор жасалды

Калифорния университетінің ғалымдары мың ядросы бар процессорды жасап шығарды. Олардың әрқайсысы энергияны ең аз мөлшерде пайдалана отырып, операциялар орындай алады.

photo_187894

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

KiloCore процессоры мәліметтерді шифрлау үшін, ірі ғылыми мәліметтерді өңдеп, видеоны қысу үшін таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, ол жекелеген ядроны бөліп, оның секундына 115 миллиард операция орындауына мүмкіндік береді екен. Бұл сәтте ол небәрі 0,7 ватт энергия жұмсайды. Демек, ол бір таяқшалы қуат күшімен-ақ, адам сенгісіз жұмыстар жасай алады деген сөз.

KiloCore процессорының тәжірибелік нұсқасы сериялық өндіріске жіберілмейді. Чип көпядролы процессорларды зерттеу бойынша көмектеспек.

Талқылау