Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әлем Университеті ханшайымындағы» жанжал: уфалық бойжеткен Қазақстанның намысын қорғауда (видео)

Қытайдағы халықаралық сұлулық байқауындағы жанжалға уфалық бойжеткен себеп болған. Онда Уфа қаласының студенті Ресейдің орнына Қазақстанның намысын қорғауда, деп хабарланған дейді Башқұрт спутниктік телеарнасы.

9a34b779d919fc0bd7bc35f66c8034f4

Бұл туралы Байстарз сайты хабарлайды.

Бұл жаңалық уфалық студентке жанкүйер болғандардың барлығын есеңгіретіп тастаған. Модельдік агенттіктер аталған оқиғаға байланысты өз нұсқаларын жарыса жазуда.

Арудың ғаламторға жүктеген суреттерінен, оның Ресейдің емес Қазақстанның атынан шыққалы жатқаны байғалған. Әрине, мұны отандастары суық қабылдап, суреттің астына түрлі жағымсыз пікірлер қалдырады.

Ал Қытайдағы конкурсқа қатысуы тиіс екінші модель Ева Чашинскаяға Өзбекстанның атынан қатысу ұсынылған. Алайда, ол байқауға қатысудан бас тартыпты. Бұл туралы әлеуметтік желіге жариялаған.

Осы тұста “Башқұртстан азаматтарына неге басқа мемлекеттердің атынан шығу ұсынылды? Тиісінше бұған Уфа өнер академиясының студенттері қалайша келісті?” деген сауалдар туындайды. Ал бұған қатысты модель агенттіктері “халықаралық байқауларда мұндай жәйттер көп болады. Кейде қатысушыларға ең соңында айтады” деген уәжді алға тартқан.

«Мисс Башқұртстан» модель агенттігінің жетекшісі Луиза Закирьянова: «Ресейліктерге квота жабылған, және Ресейден қатысатын бір қыз бар деді. Басқа елдердің атынан шығуға мүмкіндік болды. Настяны Башқұртстанның атынан шықсын деп өтіндім. Олар келісті. Біз Башқұртстанның атынан шығамыз деп дайындалып барғанбыз, ұлттық костюм тіктік, тіпті туды да алып алдық. Ал келген кезде бізге Қазқстанның атынан шығасыңдар деді» — деп жауап берді.

Қазір қыз әлі де Қытайда және әлеуметтік желілерге суреттерін шығарып жатыр. Кейбір суреттерде Қазақстанның атын қолымен жауып тұрғаны байқалады. Дегенмен, Башқұртстанның туымен түскен суреттері де бар. Қыз бұл іс-әрекетіне байқаудан келген соң ғана жауап бере алады. Байқаудың финалы 27 қаңтарда.

Жүз адамның ішінен таңдалған бойжеткендердің арасындағы Настя Яковлева мен Ева Чашинская Қытайда Башқұртстанның атынан өнер көрсетуі тиіс еді. «Әлем Университеті ханшайымы» – фэшн-индустриядағы ең беделді аталымдардың бірі. Биыл ол 27-ші рет өткізіліп жатыр.  Ақтық кезеңге үздік атанған 70 бойжеткен жолдама алды. Олардың әрқайсысы аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен.

Талқылау