Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем подиумын бағындырған қарағандылық жігіт сырымен бөлісті (фото)

Осы уақытқа дейін ғаламторда қарағандылық Саша Реймердің әлемдік деңгейдегі сән апталықтарына қатысқаны туралы түрлі ақпарат жазылды. Ол өзі туралы, осы жолға қалай келгені жайлы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Жас жігіт Қарағандыдан Екатеринбург қаласына “ақпараттық жүйелер мен технологиялар” саласы бойынша білім алуға барып, қысқы сессиядан кейін туған елге қайтып оралады. Осы жақта құрбысы модельдерді таңдайтын сайысқа қатысуға көндіреді. Ары қарай сұхбат барысында білетін боласыз.

– Александр, ең алдымен, өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Бұл салаға қалай келдіңіз?

– Өзім Қарағанды қаласының тумасымын. Осы күнге дейін сол қалада туып-өстім. 2015 жылдың ақпан айында Екатеринбург қаласының сән агенттігі интернет арқылы мені тауып, сол жаққа шақырды. Бастапқыда тек тестілік суреттерге түсу туралы келістік. Мен үйдегілерден сұранып, жиналып барамын дегенше наурыз айы болды. Бара сала тестілік суреттерге түсіп, артынша маған хабарласып, Париждегі сән агенттігіне баратынымды айтты.

21230_tn

21231_tn

21232_tn

6

– Бұл таңдауызға әке-шешеңіз қарсы болмады ма? Біздің білуімізше, сіз мүлде басқа салада білім алғансыз.

– Бастапқыда анам қатты күмәнданып, мені алаяқтар алдап соғады деп қорықты. Тіпті, бармауымды өтініп, төлқұжатымды, басқа заттарымды алып қоятындығын айтты. Ал әкем керісінше қолдау көрсетті. Мен жүрек қалауымды тыңдадым. Осылайша сән әлеміне келдім.

– Не себепті бұл саланы таңдадыңыз?

– Өз басым сұлулыққа қатты құмартамын. Әдемі киінгенді жақсы көремін. Мүмкін осы салаға келуімнің басты себебі де осы шығар.

7HHmDPicidQ

21219_tn

– Сізге не нәрсе шабыт сыйлайды?

– Мені әсем әуен мен мақсаттарына жетпейінше тынбай еңбек ететін табысты адамдар шабыттандырады. Кейде қолыма қалам алып, өлең жазатын өнерім де бар, өлең де айтамын. Инстаграмдағы парақшамнан оқып, бағасын берсеңіздер де болады.

– Шалғайда жүріп туған елді қатты сағынған кездеріңіз болды ма?

– Қауырт жұмыспен жүріп көп нәрсені ұмытып кетіп жатамын. Бірақ кей кейде қатты сағынатыным рас.

4

image

_FxSXLcmjUI

– Жеке өміріңіз туралы не айтасыз?

– Қазір қызым жоқ, басым бос. Бар уақытымды тек өзіме, өзімді дамытуға арнаймын. Сондықтан өзге ешнәрсеге уақыт бөлгім келмейді.

– Әлемнің әйгілі подиумдарында жүріп өтіп жұлдыз ауруымен ауырмау мүмкін емес шығар?

– Жұлдыз ауруымен ауырамын деп ойламаймын. Өйткені барлық танысыммен бұрынғыдай араласамын.

– Қай істе батылдық таныта алмайсыз?

Өзімнің барынша батыл екенімді айта аламын. Бастапқыда бағдарламалау саласында білім алдым. Ұнамаған соң таңдаған саламды түбегейлі ауыстырдым. Енді жарнама саласында білім алуды жоспарлап жатырмын.

– Сізге модель болуды армандайтын жас өрендердің қызығатыны анық. Ал сіздің кумиріңіз кім?

– Біреуге өліп-өшіп қызыққан емеспін. Сондықтан кумирім жоқ дегенім жөн болар. Алайда мені таңқалдыра алатын жандардың бұл өмірде бар екені рас. Кез келген жерде тек бірінші болғым келеді. Болған соң көптің алды болу керек.

– Болашаққа бағытталған жоспарларыңыз қандай?

– Осы күнге дейін Милан, Париж, Мадрид, Барселона, Қытай қалалары мен елдеріндегі бірнеше агенттікпен жұмыс істедім. Болашақта да осы салада қала бергім келеді. Тіпті, жақын күндердің бірінде Токиоға немесе Сеулге баруды жоспарлап отырмын.

2

U2IcZKYjwxU

– Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

– Өмір бойы өзің сүйетін іспен айналысқаннан артық еш нәрсе жоқ. Сондықтан менің бір ұстанымым бар – әдемі өмір сүру үшін жағдай жасау.

3

– Көп рахмет! Алда әр істе жеңіс тілейміз!

– Сіздерге де рахмет!  Оқырмандарыңыздың әрдайым алдына қойған мақсатына жетуіне тілектеспін. Болмысымызды жоғалтпай, әрқайсымыздың өз алдымызға қайталанбас тұлға екенімізді ұмытпайық.

Талқылау