Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем ғалымдары адам эмбрионын лабораторияда жетілдірді

Америкалық және британдық ғалымдар біріге отырып бірінші рет екі апталық адам эмбрионын лобараторияда өсіріп жетілдірген, бұл туралы Nature журналында жазылған.

адам-баласы

Оқымыстылар осы күнге дейін қолдарынан келмеген дүниені жасады. Олар бұған дейін адам эмбрионын тек әйел жатырында ғана жетіледі деп келген еді. Бінеше ғалым осылай істемекке ұмтылғанымен барлық әрекеттері сәтсіз аяқталған еді.

Мұндай тәжірибе Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің қабырғасында жасалған. 12 күннің ішінде эмбрион қалыпты жағдайда жатырдағыдай  өсіп жетілген.

Бұл бастама алдағы уақытта белсіздік пен жиі түсік тастайтындарға  үлкен көмек болмақ дейді оқымыстылар. Сондай-ақ, бұл тәжірибе ғалымдарға адам ағзасының дамып жетілуінің әр сатысын мұқият білуге мүмкіндік береді. Ал оны білген ғалымдар көптеген дертті емдеудің жолын табатын боламыз деп отыр.

Эмбрион екі апталық болған кезде оқымыстылар заң тыйымына байланысты тәжірибені сол жерден тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі, АҚШ, Ұлыбритания сияқты көптеген елдердің заңында адам ұрығын қолдан жетілдіру тәжірибесі екі аптадан аспауы керек деген шектеу бар.

Енді ғалымдардың өзі осы заңдағы уақыт көлемін ұзартып, ұзартпауға қатысты екіге бөлінген. Бірі  екі аптадан артық мүмкіндік берілсе мамандардың үлкен жетістіктерге қол жеткізетінін айтуда.

 

Талқылау