Әлем елдерінің астаналары туралы қызықты деректер

Әлемде белгілі бір менталитетімен ерекшеленетін көптеген елдер бар. Астананы өз кезегінде бүкіл елдің көрінісі деп санауға болады және олар өз елінің айнасы болып табылады. Соған байланысты Stan.kz ақпараттық агенттігі туристерді қандай да бір ерекшелігімен баурап алатын мемлекеттердің астанасы туралы дерек ұсынады.

Әлем елдерінің астаналары туралы деректер

1. Чехия астанасы – Прага.

Прага – бұл сиқырлық пен жайлылық жетіспейтіндерге арналған жұмақ. Прага ескі көшелер мен көз тоймайтын көптеген көрікті жерлерімен кез-келген адамды баурап алатын қала. Прага «ескі, жайлы қала» ретінде қыдырып келген туристердің есінде мәңгі қалатын жер.

Прагадағы ескі «тарихи» жерлердің көркін ешқандай заманауи құрылғылар да құрта алмайды. Мұнда қаланың қажетті көрінісін сақтау үшін жерсеріктік антенна мен пластикалық терезелер орнатуға да тыйым салынған.

Дегенмен, бұл Прагадан тек ескі кірпіш үйлер мен көшелерді ғана көруге болады дегенді білдірмейді. Ескі көрінісін сақтап қалған қалада көптеген заманауи ғимараттар да бар. Мысалы, танымал би үйі дәл Прагада бой көтерді. Ал тағы біраз серуендесең көптеген фабрикалар мен тіпті Эйфель мұнарасын да көре аласың!

2. Жапония астанасы – Токио.

Заманауи заттар мен құрылғыларға қызығатындарға Токиоға баруға кеңес береміз. Күншығыс елінің астанасы – әлемдегі ең қауіпсіз және ең қолайлы жерлердің бірі! Жапонияда қылмыс деңгейі өте төмен, сондықтан осы үлкен қалада жоғалып кетуден қорықпасаңыз да болады. Ал мұнда адасу өте оңай.

Токиода халық саны өте көп болғандықтан, жоғалып кету де оңай. Бұдан басқа, Токиода метромен жүргенде мұқият болу керек. Токио метросы әлемдегі ең үлкен және ең күрделі метро болып табылады және оны күнделікті миллиондаған адам пайдаланатындықтан, аялдаманы шатастыру немесе одан өтіп кету әбден мүмкін нәрсе.

Бірақ бұған қарамастан, тіпті кішкентай балалар да бұл тасымалдау құралымен жүруден қорықпайды. Айтқанымыздай, Токио өте қауіпсіз қала. Әйтпесе, ата-аналар балаларын қалада бүгінгідей жалғыз қалдырмас еді.

Мұнда ауа райы айтарлықтай жылы болады. Бірақ орташа есеппен тамыз айында температура 20 градустан жоғары болмайды.

3. Фиджи астанасы – Сува.

Фиджи Океаниядағы шағын арал. Ал, Сува оның кішкентай астанасы. Бұл қаланың ауданы 2 мың шаршы шақырымды құрайды.

Таңғаларлығы, мұнда бірде-бір жағажай жоқ. Себебі, Сува – бұл портты қала, мұнда тек кеме тоқтайтын жерлер ғана бар.

Бірақ бұл Сувада айналысатын ештеңе жоқ дегенді білдірмейді. Сувада көптеген саябақтар мен дүкендер, сауда орталықтары, мұражайлар мен кітапханалар бар. Сонымен қатар, Фиджидің ресми тілі ағылшын тілі болғандықтан, мұнда келу үшін қандай да бір арнайы тілдерді үйренудің қажеті жоқ.

4. Мексика астанасы – Мехико.

Мехико – Мексиканың астанасы және оның ең үлкен қаласы. Федералды округте 20 миллион, ал Мексиканың өзінде – 8,9 миллион адам өмір сүреді.

Алайда, бұл астанаға келгенде абай болу керек. Бұрын Мексиканың ауасы лас болғаны соншалықты, жыл бойы қаланың төбесі шаңнан көрінбейтін. Бүгінде биліктегілер бұл мәселені шешуге тырысуда және ауа бірте-бірте тазаруда.

Бұдан басқа, Мексикада шаңды дауылдар мен жер сілкінісі жиі болады. Бірақ, жер сілкінісі жи болғанымен тым күшті болмайды. Мехико тығыз орналасқан қала, мұнда үйлер бір-біріне жабысып, жақын тұрады. Сонымен қатар, Мексика аумағында ежелгі үнді тайпалары өмір сүрген және осы уақытқа дейін олардың отома немесе ацтек тілдерінде сөйлейтін ұрпақтарын кездестіруге болады.

5. Таиланд астанасы – Бангкок.

Бангкок – Таиландтың астанасы мен ең ірі қаласы. Бұл қаланың атауы әлемдегі ең ұзын атау ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бангкоктың ресми атауы тай тілінде: Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит. Оны қысқартып періштелер қаласы деп атайды.

Бірақ, қазір 21 сөздің кейбіреуі қолданылмаса да, Бангкоктың толық атауы балаларға мектепте міндетті түрде жаттатқызылады.

 

6. Италия астанасы – Рим.

Рим өте танымал болғанына қарамастан, басқа қалалардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Ол көптеген тарихи ескерткіштер мен шіркеулерді сақтап қалған ең көне қала. Мұнда тіпті, «қаланың ішіндегі қала» Ватикан яғни, тағы бір астана, католик шіркеуі бар.

Римнің тек төрттен бір бөлігінде ғана тұрғын үй кешендері тұрғызылған, сондықтан қалада серуендейтін жерлер көп. Бірақ бір барғаннан барлық көрікті жерлерді тамашалап үлгеру мүмкін емес. Сондықтан, сізге осы әдемі қалаға қайта-қайта келуге тура келеді.

«Барлық жолдар Римге алып келеді» демекші, бұл қала әсіресе ежелгі мәдениетті жақсы көретіндерге ұнайды. Мұнда антикалық мәдениетке тиесілі көптеген ескерткіштер сақталған.

7. АҚШ астанасы – Вашингтон.

Вашингтон АҚШ-тың астанасы екендігін бәрі білгенімен, қаланың ресми түрде Колумбия округі деп аталатынын көбі біле бермейді. Бұл АҚШ-тың ешбір штатына тиесілі емес, тәуелсіз аймақ. Ал қала халқының 15% -ы үшін ағылшын тілі ана тілі болып табылмайды.

Вашингтон тұрғындарының саны 600 мыңнан асатыны көпшілігіне белгілі. Бірақ, аптаның жұмыс уақытында бұл сан 400 мың адамға көбейеді. Себебі, жұмысшылардың жартысына жуығы қала маңындағы елді мекендерде тұрады. Бұл 20 мыңнан астам шетелдік студенттердің АҚШ астанасында білім алуына мүмкіндік береді.

Вашингтонда 170-тен астам шетелдің елшілігі мен халықаралық мәдени орталықтары орналасқан. Міне, дәл осы көрсеткіш бойынша Вашингтон әлемнің астаналары арасында ең сүйіктісі болып табылады.

8. Танзания астанасы Дар-эс-Салам және Додома.

Ал Танзания мемлекетінің екі астанасы бар. Танханияның тарихи астанасы Дар-эс-Салам мемлекеттің әкімшілік орталығы болса, Додома заңды астанасы.

9. Израиль және Палестина мемлекетінің астанасы Иерусалим.

Иерусалим бірден екі мемлекеттің астанасы. Яғни, Израиль және Палестина мемлекетінің астанасы Иерусалим болып табылады.

10. Кипр астанасы Никосия.

Никосия екі елдің арасында бөлінген астаналардың бірі.

11. Лихтенштейн астанасы Вадуц.

Лихтенштейн астанасы Вадуцта әуежай немесе темір жол станциясы жоқ.

12. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласы Рио-де-Жанейро штатының астанасы.

Рио-де-Жанейро Еуропаның шекарасынан тыс еуропалық мемлекеттің астанасы болған тарихтағы жалғыз қала. 1815 жылдан бастап 1822 жылға дейін Рио-де-Жанейро Португалия, Бразилия және Алгарвенің астанасы болды. Яғни еуропалық мемлекеттің астанасы болған. Қазір, бұл қала бүкіл Бразилияның емес, тек Рио-де-Жанейро штатының астанасы.

13. Словакия астанасы Братислава.

Тек Братислава ғана бірден екі мемлекеттің шекарасына жақын орналасқан.

14. Монако княздығының астанасы Моноко.

Бұл қала Еуропадағы туризмнің негізгі порттарының бірі. Моноко халқының саны бойынша барлық елді мекендерден де артта қалатын әлемдегі жалғыз астана болып есептеледі. Себебі, Моноконың халқы басқа елді мекендерден гөрі әлдеқайда аз.

15. Швейцария.

Швейцарияның ресми астанасы жоқ. Берн – тек федералды маңызы бар қала. Сондай-ақ, Науру штатында да осындай жағдай. Жер көлемі 21 шаршы шақырымдай болатын Науруда астанаға жер жоқ.

16. Корея астанасы – Сеул.

Сеул- корей тілінен аударылған – «астана» деген мағына береді. Пекин қытай тілінде «солтүстік астана», ал Токио жапон тілінде «шығыс астана» дегенді білдіреді.

17. Үндістанның Джамму және Кашмир штатының астаналары Джамму мен Сриганар.

Үндістанның Джамму және Кашмир штатының екі маусымдық астанасы бар. Джамму және Кашмир біріккен штат. Джамму қазаннан наурызға дейін «қысқы астана» болса, Сриганар наурыздан қазан айына дейін «жазғы астана» болады. Себебі Джаммуда қыста ауа-райы қолайлы болғандықтан, қала қысқы астана болып сайланған.

18. Палау астанасы Нерульмуд.

Нерульмуд деп аталатын Палау астанасында орманның ортасында орналасқан бірнеше үкіметтік ғимараттардың капитолиндік кешенінен басқа ештеңе жоқ. Сонда бұл қала туристерге несімен қызық. Қала шағын және аз халықты болғанымен, бірақ қалашық емес. Себебі, мұнда маңызды мемлекеттік ғимараттар болғандықтан оны қалашық деп атауға болмайды.

19. Қазақстанның астанасы – Астана.

1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Астана – бүгінде Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталыққа айналды. 1926-1929 жылдары Қызылорда және 1929 жылдан 1997 жылға дейін  Алматы Қазақстанның астанасы, яғни әкімшілік орталығы болды. Тек 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілгеннен кейін, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болып Астана қаласы бекітілді.

«Ақорда» президенттік сарайы, «Думан» океанариумы, гүлзарлар мен фонтандар. Астана жыл сайын миллиондаған туристер қызыға келетін қалаға айналады. Көпшілігі уақыт өте келе жаңа мыңжылдықтың мегаполисіне қайта оралуға асығады.
Бір кездері Астанаға келген туристер, ерте ме, кеш пе, осы қалаға тағы бір рет қазақы қонақжайлылықты сезіну үшін Елордаға келуге ұмтылады.

20. Испания астанасы – Мадрид.

Мадрид Испанияның дәл орталығында орналасқан. Ал қаланың орталығындағы Puerta del Sol алаңында нөл шақырымдық белгісі орнатылған. Одан барлық негізгі магистральдардағы жолдың қашықтығы есепке алынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар