Әлем елдерінің ақылға қонымсыз жол ережелері (фото)

Жұма, 1 Сәуір , 2016 13:23

Егер жеке автокөлігіңізден әлем мемлекеттеріне саяхатқа шыға қалар болсаңыз, онда әр елдің заңына сәйкес түрлі жол ережелеріне куә болар едіңіз. Олардың ішінде ақылға қонбайтын, түсініксіз ережелер де жетерлік.

654

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Данияда көлігіңізді толық тексеріп алмайынша, оталдыруға болмайды. Дат елінің заңнамасы бойынша, көліктің астында мүмкін кішкентай бір бала отырған жоқ па екен деп те қарауға міндеттісіз.

655

Ал Таиландта жергілікті жол полициясы көйлексіз келе жатқан жүргізушіге айыппұл салады. Олардың ережесі бойынша рөлде отырған әйел де, еркек те жалаңаш отырмауы керек.

541

Мексика – әйелдерге көлік тізгінінде отырып боянуға тыйым салған алғашқы мемлекет. Ал ер адамдар көлік айдап келе жатып қырына алмайды.

52

АҚШ-та көптеген жол ережелері ескіргеніне қарамастан әлі күнге күшінде тұр. Пенсильвания штатында жүргізушінің көлігімен келе жатып жылқыларды үркітіп алуына болмайды. Ал Алабама штатында жалаң аяқ көлік айдауға рұқсат жоқ. Бір жүргізуші дәл осылай көлік тізгіндеймін деп, тежегіштің қатты ысып кетуі себепті баса алмай қалған.

166

Филиппинде көлік тығынымен күрес жүруде. 1 және 2 деген нөмірлермен аяқталатын көліктер дүйсенбі күні көшеге шыға алмайды. Ал соңы 3, 4-пен бітетіндер – сейсенбіде, 5 және 6 – сәрсенбі, 7 және 8 – бейсенбі, 9 және 10 – жұма. Ал демалыс күндері барлығы еркін жүре алады.

15

Ал Франция, Финляндия, Испания сияқты Европа елдерінде радар-детектор қолдануға болмайды. Ал Люксембург, Бельгия және Швецияда аталмыш құрылғыны пайдаланғандар темір торға кетіп қалуы мүмкін. Ал Германияда мұндай радар-детекторлар пайдаланыла береді.

1444

Ал Австрияда жүргізушілер күмәнмен қарайтын заң бар. Бұл елде жалпы мемлекет аумағында бейнетіркеуішке тыйым салынған. Мұндай құрылғыны пайдалану өзгенің жеке өміріне араласу болып саналады.

14

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар